- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Жітіқарада ширек ғасырдан астам пайдаланылмаған емхана қайта ашылды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқара ауданына барған жұмыс сапары барысында 1976 жылы салынған, 27 жыл пайдаланылмаған бұрынғы емхана ғимаратының ашылуына қатысты.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін аудандық аурухана базасында өңіраралық көпбейінді аурухана құру жоспарланып отыр. Қазір хирургиялық корпусқа МРТ және ангиограф аппараттарын орналастыруға арналған қосымша ғимарат салынуда.
Аймақ басшысы Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы атап өтті. Өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18%, ауыл шаруашылығы 30,1%, инвестиция тарту көрсеткіші 25,6%, құрылыс жұмыстары 23,2%, тұрғын үйді пайдалануға беру 66,1% құрады.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 22 арнайы техника сатып алған.
Аудандық маңызы бар екі жол учаскесін орташа жөндеу жалғасуда. Жобалар аяқталған соң жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық жолдардың үлесі 56,7-ден 77%-ке артады.
Алдағы уақытта Жітіқара – Денисов автожолын жөндеу көзделген.
Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында жабық хоккей корты салынады.
Мұса Шожанов атындағы №2 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мәдениет сарайы жөнделеді.
«Жеңіс саябағында» «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС 670,2 млн теңге қаражаты есебінен ауқымды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жыл басынан бері ауданда 15 мың тонна қоқыс шығарылды, 3,5 мың көшет, 123 мың гүл көшеті отырғызылды.
Облыс әкімі аудан орталығындағы 300 орындық «Қазына» мейрамханасының жұмысымен танысты. Нысанды салуға 400 млн теңге инвестиция тартылды. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Айта кету керек, кәсіпкерлік саласында жыл басынан бері 6 жаңа сауда және қоғамдық тамақтану нысаны ашылған.
- 26.11.2026
- 9


