- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды
Жетісу облысында Балқаш көлінің жағалауын дамыту шаралары кешенді түрде жүргізілуде. Жағалауға барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылған, автокөлік жолы жаңғыртылды. Құрылысы жоспарланған үш коммуналдық жағажайдың алғашқысы салынып бітті, қазіргі кезде мердігер нысанның жекелеген жерлерінде ұсақ ескертпелер бойынша жұмыстарды атқаруда. Екінші жағажайда құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Мұнда 500 орынға арналған автотұрақ бар. Екі коммерциялық ғимаратта жалпы саны 18 орын кәсіпкерлердің қоғамдық тамақтану орындарын ашуына арналып салынған. Бұдан бөлек сауда-саттыққа да орындар қарастырылған.
Ал әкімшілік ғимаратта төтенше жағдай және полиция посттары, медициналық пункт орналастырылады. Ана мен бала бөлмесі де бар. Жағалауда балалар ойын алаңдары салынып, киім шешетін орын, душ кабиналары, санитарлық тораптар және басқа да қажеттеліктер жасалған. Бес құтқару мұнарасы қойылған.
Өңірлердің туристік әлеуетін дамыту туралы Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл екі коммуналдық жағажайдың құрылысын бастадық. Оның құрылысы аяқталып отырған біріншісін жазғы шомылу маусымына дейін іске қосамыз. Мұнда біз мезетте 1800-ге дейін демалушы келе алады. Кәріз, су, электр жүйелері толықтай тартылған. Төтенше жағдай, полиция, медицина қызметкерлері отыратын орындар қарастырылған. Екінші жағажай да келесі жылы қолданысқа беріледі. Үшінші жағажайдың құрылысы басталады. Былтыр Алакөл көлінің жағалауына 2 млн. турист келсе, Балқаш жағалауына келетін туристердің де саны енді еселене артады деп ойлаймыз. Біз алдағы уақытта да өңірге келетін туристерге қолайлы жағдай жасау ісін жалғастырамыз.
- 27.11.2026
- 35


