- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
құттықтау
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Баршаңызды төрімізге аяқ басқан Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – әр адамның бойына қуаныш пен үміт отын жағып, алдағы жылдан жақсылық пен ізгілік күтетін жалпыхалықтық мейрам. Жаңа жылға бәріміз де жүйелі жоспарлар құрып, жаңа іс бастуға бел буатынымыз анық.
«Өткен жылда есіркеп, жаңа жылда жарылқауды» сұрайтын қазақ халқы үшін Жаңа жыл - жаңару мен жаңғырудың рәсімі болып қалыптасты. Өткен жыл жалпы еліміз үшін, оның ішінде, киелі Отанымыз - Қазақстан Республикасының бір бөлшегі – Павлодар облысы үшін де табысты болды. Жеткен жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің озықтығына әлеуметтік, экономикалық, мәдениет пен руханият салаларындағы қарқынды даму көрсеткіштері дәлел ола алады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасы мен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік органдардың ашықтығы, заман талабына сай тиімді жұмыс істейтін әрі халық үніне құлақ асатын мемлекеттік аппарат құру туралы тапсырмасы шеңберінде әр мемлекеттік орган басшысы, жергілікті әкімдер әлеуметтік желілерде өздерінің аккаунтарын ашып, халықтың мұң-мұқтаждықтарын тікелей шешуге кірісті.
Павлодар облысының әкімдігінің ғимаратында тұрғындардың бейнесауалдарын қабылдайтын кабинет ашылып, азаматтар өздерінің өтініштерін бейнежазба ретінде қалдыруға мүмкіндік алды. Әр өтініш бойынша тиісті шешім қабылданып, салалық органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
2019 жылы біз халықтың әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар тобын, көп балалы отбасыларды тұрғын үйлермен қамтамасыз еттік. Ақсу қаласындағы Астана көшесі, 58 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің құрылысын аяқтап, ол үйден 76 көп балалы отбасы өз пәтерлеріне ие болды. Тәуелсіздік күнінің қарасаңында Ақсудағы жеке тұрғын үй шағын ауданында тағы да 16 көп балалы отбасы өз пәтерлеріне ие болды. Көп балалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау – біздің азаматтық парызымыз әрі жергілікті билік органның басшылығы ретіндегі халық алдындағы жауапкершілігіміз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Жаңа жылмен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін! Жаңа жыл тек қана жақсылық әкелсін!
- 31.12.2019
- 428