• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қапшағай қаласында көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді

Мемлекеттік грант иеленіп, жеке ісін ашқан табысты кәсіпкерлер қатары Алматы облысы Қапшағай қаласында жылдан жылға артып келеді. Мәселен, көп балалы ана Баян Ордабаева «Атамекен» ҰКП арқылы «Бизнес Бастау» негіздерін оқып шыққан. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2,5 млн, теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, бүгінде кондитерлік кәсіппен айналысуда, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктері мол. Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, аталмыш бағдарламаға «жас кәсіпкер» және көп балалы ана ретінде қатысқан Баян Ордабаева қолына бизнес негіздерін меңгергені туралы сертификат алған. Бұдан соң «Үйде пісірілген нан өнімдерін үйде жүзеге асыру» бизнес жобасын қорғап шыққан. Соның арқасында яғни 2,5 млн. теңге мемлекеттік грант иеленіп, жеке ісін қолға алған.

«Бизнесімді мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында бастадым. Енді оның одан әрі табысты жүргізуге талпыныс, еңбек, табандылықпен қатар, қазіргі интернет желісінің де мүмкіндіктерін мол пайданып отырмын. Инстаграм желісіндегі парақшамда он мыңға  жуық оқырманым бар. Биылғы жылдың  наурыз айында өзімнің кондитерлік бизнесімді одан әрі кеңейттім, оның барлық жаңалықтарымен және мүмкіндіктерімен «Bayan_cakes» парақшасында оқырмандарымен таныстырып отырамын. Алдағы уақытта жастарға оның ішінде жұмыссыз азаматтарға өз білгенімді үйретіп, жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отырмын», - деді жас кәсіпкер.  

Қазіргі кезде Баян Ордабаева кәсібін кеңейту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 3,0 млн теңгеге дейінгі грантқа қатысу жоспарлап отыр.

Сол сияқты өткен жылы «Шаштараз»  курсын бітірген жас талапкер Санжар Мейірманов та 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант иеленген. Ол бұл сомаға шаштараз маманына қажетті барбер креслосын, стерилизатор, қайшы, шаш алғыш машинка сынды  құрал-жабдықтар сатып алды. Қазір сән салонында осы кәсібінен нәсібін тауып жүр. Болашақта шаштараз мамандығына оқытатын курс ашып, өзінің жеке сән салонын ашуды армандайды.

Жалпы Қапшағай қаласы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына 150 адамды оқыту жоспарда бар. Және жаңа бизнес-идеяларын іске асыру мақсатында 200 АЕК көлемінде  45 адамға  мемлекеттік грант және 25 адамға шағын несие беру межеленген. Осы жылдың 1 сәуіріне дейін 30 адамға мемлекеттік грант, 3 азаматқа шағын несие берілген.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 12.04.2021
  • 210
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика