• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі COVID-19-ға қарсы егу науқаны бойынша тапсырма берді 

Облыс әкімдігінде короновирустық инфекцияға қарсы жұмыстар бойынша жедел штабтың отырысы өтті.

 

Павлодар облысы  Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі  бойынша, бүгінгі таңда өңірдегі 74 егу пунктінде COVID-19-ға қарсы екпе алуға болады.  11 сәуірдегі жағдай бойынша өңірдің 13 мыңға жуық тұрғыны "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник V") вакцинасының I компонентін, тағы 4 мыңнан астамы - препараттың II компонентін алды. Соңғы үш күнде 1,8 мың адам вирусқа қарсы екпе алды.

 

Алдағы уақытта тағы да айтарлықтай көлемде препарат жеткізіледі. Осыған байланысты Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов медицина қызметкерлері мен әкімдерді жергілікті жерлерде жұмысты жеделдету қажеттігін  атап өтті.

 

- Жеткізілетін вакцина көлемі ұлғайған кезде біздің ресурстарымыз дайын болуы тиіс, - деді әкім. – Орын жетпеген жағдайда емханалар басқа нысандарды жалға алу шартын жасай алады. Сонымен қатар тұрғындар арасында дүрбелең туындамас үшін, олар екпені  қайдан алатыны туралы ақпараттан хабардар болуы тиіс. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне барлық егу пункттерін аралап, олардың  жұмысын үздіксіз бақылайтын тұрақты топтар құру тапсырылды.

 

Отырыста вирустың таралуын болдырмау жөніндегі басқа да шаралар талқыланды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевтің мәлімдеуінше, кәсіпкерлік нысандарында эпидрежимнің сақталуын қадағалайтын мониторингтік топтар әлі күнге дейін бұзушылықтарды анықтап жатыр. Көбінесе бұл қазіргі жағдай бойынша белгіленген тәртіп ережесін бұзу, нысандардағы адамдар санының шектен асуы және әлеуметтік қашықтықты сақтамау болып отыр.

 

- 12 нысанда болған жағдай бойынша әкімшілік айыппұл салынды, - деді өңірдің бас санитар дәрігері. - Сонымен қатар, бұзушылықтар жүйелі түрде анықталатын нысандар бойынша материалдар сотқа жіберіле бастады. Бүгін екі ШОБ нысанына қатысты жұмысын 15 күнге тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Тағы екі нысан бойынша материалдар сотқа берілді.

 

Батырбек Әлиев Павлодар облысының COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймаққа кіретінін еске салды. Сондықтан ведомство кейбір шектеу шараларын енгізуді көздейтін жаңа құжат дайындады. Жақын күндері санитар дәрігерлер түсініктеме береді.

 

- Эпидемиологиялық жағдай бір тәулік ішінде өзгеруі мүмкін, - деп атап өтті аймақ басшысы. - Жергілікті басшылар халықтың вирусты жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмай әрі таралмауына ықпал етуі тиіс. Барлық жүктемені денсаулық сақтау жүйесіне артуға болмайды.

 

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасовтың айтуынша, Ashyq жүйесі пандемия жағдайында бизнестің жұмысын қауіпсіздендіруге көмектесуі тиіс. Пилоттық жоба аясында оған қосылуға өңірдегі 10 компания өтінім берді. Кәсіпкерлерді жаңа жүйені пайдалануға тарту жұмыстары жүріп жатыр.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 13.04.2021
  • 314
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика