- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
Ақтоты Райымқұлова Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
«Құрметті достар!
Ардақты ағайын!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан - шарапаты мен шапағаты, сый мен сауабы мол, құлшылық пен кешірім салтанат құратын он екі айдың сұлтаны. Таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекітіп, иманды күшейтуге мүмкіндік беретін сабыр мектебі.
Күллі мұсылман қауым асыға күтетін осынау кезеңде көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдар атқарудың сəтін салсын.
Жан мен тәнді тазартатын, Жаратқанның мейірімі төгілетін мүбəрəк айда жасаған əр қайырлы ісіңіздің қайтарымы мол, ұстаған оразаңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Хақ Тағалам зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға береке-бірлік нәсіп еткей!»,-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.
- 13.04.2021
- 241