- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
Атырау облысында өткен жылы 24 мың жаңа жұмыс орны ашылды
Оның ішінде, 15 мың 400-і тұрақты жұмыс орны.
«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Еңбек» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында 24 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4,7 млрд. теңге бөлініп, 29 мыңнан аса адам қамтылды. Олардың 24 мың 900-і жұмысқа орналасты» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.
- 13.04.2021
- 176