- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
АТЫРАУДА РОМАН СКЛЯР ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ
“Атырау облысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен болды”-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Үкіметтік делегация құрамында министрліктердің бірінші вице-министрлері мен вице-министрлері де келді.
⠀
Атырау облысының ағымдағы мәселелері талқыланған жиында аймақ басшысы баяндама жасады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік саладан бастап инфрақұрылым, экология, электр энергиясы, сумен қамту сынды өңірдегі ең өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды. Олардың нақты себептерін атап өткен аймақ басшысы проблемаларды шешуге қатысты жасалып жатқан жұмыстарды да баяндап өтті. Сондай-ақ ол кейбір өзекті мәселелерді шешу үшін Үкіметтің қолдауы қажеттігін айтты.
⠀
Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысының одан ары дамуы мен салалардағы проблемаларды шешу үшін Үкімет тиісті қолдау жасауды қарастыратынын жеткізді. Сондай-ақ әр министрлік өкіліне жергілікті органдармен бірлесе отырып аталған мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды.
- 13.04.2021
- 224