• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АТЫРАУДА СУ ЖҮЙЕСІН ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫҢ ІРГЕТЕСЫ ҚАЛАНДЫ

«Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында су жүйесі есептегіш құралдарын шығаратын зауыттың іргетасы қаланды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Шетелдік құрылғылармен жабдықталатын зауыт болашақта айына 18 мың данадан астам өлшеу құрылғыларын шығара алады.

Жобамен танысқан Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Қазіргідей күрделі кезеңде біз үшін әрбір ашылған жұмыс орны мен ашылатын әр өндіріс ошағы маңызды. Сондықтан, іргетасы қаланатын су жүйелерінің есептегіш құралдарын шығаратын зауыт құрылысына сәттілік тілеймін! Бұл Махамбет ауданында бой түзейтін алғашқы өндірістік кәсіпорын. Елге, жерге пайдалы мұндай жобаларды көбейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады»,-деді.

Аймақ басшысы сондай-ақ өндіріс орнында жұмыспен қамтылатын 80 адамның 60-тан астамы жергілікті азаматтар болатынын айтты. Солардың бірі Сарытоғай ауылының тұрғыны Азамат Сұлташев. Жас маман «Бұған дейін Теңіз кенішінде жұмыс жасап келдім. Ауылымызда отандық өнім шығаратын зауыт ашылатынын естіп, осында ауыстым. Мұнда менімен бірге көптеген ауылдастарым жұмыс істейді. Арнайы оқудан өттім. Ерекше зауыттың алғашқы қызметкерінің бірі болғаныма қуанамын»,-деді.

Ал, «Guryev» ЖШС-ның директоры Жеңіс Бекбасаровтың сөзінше, бұл-Қазақстандағы су жүйесіне арналған жүз пайыз отандық есептегіш құралдар шығаратын алғашқы өнеркәсіп. Қажетті шикізаттың барлығы ел ішінен әкелінеді, әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Алғашқыда зауыт облыс кәсіпорындары мен ұйымдарын қамтамасыз етеді, кейін республиканың өзге өңірлерінің де сұраныстарын қанағаттандырады.

«Су өлшеуіш құралдары қазіргі таңда шетелден жеткізіліп жатқанын сондай-ақ шетелден бөлшектері әкелініп құрастырылып жатқанын білесіздер. Сондықтан бұл зауыт еліміз үшін өте пайдалы өндіріс болады деп күтілуде. Бастапқыда мұнда механикалық есептегіш құралдар шығарылса, болашақта олардың электронды түрлері де өндіріледі. Мұның тиімділігі – ай сайын суды қаншалықты тұтынғаны туралы көрсеткіш есебін беріп керек емес, құрылғы автоматты түрде есептейді. Осы орайда, елімізде жүргізіліп жатқан ақпарат тасымалдау жүйелерін цифрландыру жұмысына да игілігі тиетін ерекше жоба деуге болады»,- деді Жеңіс Бекбасаров.

Сонымен қатар, шара барысында зауыт басшылығы алғашқы өнімдерін алатын екі компаниямен меморандумға қол қойды. Айта кетейік, аталған зауыт құрылысы осы жылдың қыркүйек айында аяқталып, өндірістік жұмысын бастамақ.

Шара аясында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовке Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов аудан бойынша жүзеге асырылатын өзге де инвестициялық жобаларды таныстырды.

  • 14.04.2021
  • 257
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика