- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы өтті
Негізгі іс-қимыл, оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес шекара маңындағы ауданда басталды. Алғаш рет мемлекет аумағын күзету бойынша шекара қызметтері мен Қарулы Күштердің бөлімшелері бірлескен іс-қимылды іс жүзінде пысықтады. Сондай-ақ құрамында арнайы операциялар Күштері бар бірлескен әскер топтары құрылды. Әскерлердің іс-қимылы кезінде заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесі кеңінен қолданылды.
Бұл оқу-жаттығудың әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі Каспий теңізінің жағалауында арнайы операциялар күштері құралымдарының толассыз жасаған іс-қимылында көрінді.
Әскери қызметшілер оттегі жабдығын пайдалана отырып, жерден аса биік емес аралықта парашютпен десант түсірді. Бұл секірулер жоғары дәлдікпен орындалып, әрі қарай аумақта барлау жүргізді.
Бірқатар тактикалық іс-қимылдар алғаш рет орындалды.
Ұтқыр топтардан десант түсіруде олардың одан әрі жасайтын іс-қимылдарына техниканы (квадроциклдерді) жеткізу әскери авиация тікұшақтарының сыртқы ілмектері арқылы жүзеге асырылды.
Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық кемелерінің қолдауымен бір уақытта әскери жүзгіштер су үсті және су асты тәсілдерімен теңіз жағасындағы плацдармды басып алды.
Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері 2020 жылдан бастап әскерлердің жауынгерлік даярлық бағдарламасына енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атыс тәсілдерін қолданды.
Алғаш рет тұрақты негізде әскери-көлік авиациясының ұшағын қондыру үшін көлік жолының әуеайлақ учаскесі қолданылды. Олар жеке құрамды дағдарыс аудандарына жеткізді.
Шабуылдаушы авиация мен артиллерияны қолданып, теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелері заңсыз қарулы құралымдардың ішкі жаққа өтуіне жол бермеді.
Қарсыластың ұшқышсыз ұшу құрылғылары анықталып, олар радиоэлектронды барлау және күрес құралдарының көмегімен жойылды.
Әуеден қонған шабуылдаушы топтар шартты қарсыласты қапталдан қоршап, оларды механикаландырылған бөлімшелер жойды.
Қорғаныс іс-қимылдарын қолданған кезде «Сақ қорғаны» деп аталған тактикалық іс-қимыл пысықталды.
Бұл шөлді жерлерде қарсыластан таса болатын бірнеше үймектерін (қорғандарын) атыс позициясы ретінде қолданылатын жабдықтарды қарастырады. Қосымша бекіністе тұрған танк ұшқышсыз ұшу аппаратының операторынан басқау пунктінде қарсылас жөнінде мәлімет алып, анықталған нысандарға оқ жаудыртады. Одан кейін, әскери көлік тасаға тығылып, жаңа нұсқауларды күтеді. Бұл тактикалық әдіс қарсыластың атысынан танктің зардап шегуін төмендетуге, сонымен қатар, анықталған нысандарды зақымдаудың тиімділігі мен ойламаған жерден орындалуына мүмкіндік береді.
- 17.04.2021
- 245