- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
2020 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының Заңнама институты және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – Институт) және Республикалық адвокаттар алқасы (бұдан әрі – РАА) ғылыми ынтымақтастық туралы Келісім жасады.
Келісім жасасудың мақсаты серіктестік өзара қарым-қатынастарды нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, тараптардың ғылыми қызметінің нәтижелерін практикалық енгізуді қамтамасыз ету, ақпараттық-құқықтық ресурстар мен ақпараттық-іздестіру жүйелерін пайдалана отырып, анықтамалық-консультациялық сипаттағы қызметтер көрсету болып табылады.
Кездесу салтанатты түрде екі ұйым өкілдерінің қатысуымен өтті. Іс-шара аясында одан әрі ынтымақтастық және әріптестік мәселелері талқыланды.
- 21.01.2020
- 546