• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тағы бір сервистік-дайындау орталығы іске қосылды

Ұйғыр ауданында сервистік-дайындау орталығы құрылды. Облыс әкімдігінің қолдауымен 550 млн. теңгеге орталыққа 39 ауыл шаруашылығы техникасы, соның ішінде жоғары технологиялы тұқым сепкіш, комбайн және ілу құралдары сатып алынды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көктемгі егіс науқанында сервистік дайындау орталығының құрылуы өңір шаруалары үшін зор мүмкіндіктер беріп отыр. Қазір сатып алынған барлық заманауи техникалар көктемгі дала жұмыстарына қолданылуда.

«Алтын Дән Шонжы» СДО бас директорының орынбасары Құралбек Бекмұханбетовтің айтуынша, Орталықтың техникалық паркі қазір Бахар ауылдық округінің аумағында іске кіріскен.

- Шаруа қожалықтарына техникалық қызмет көрсетумен, егін егу және өнім жинау науқандарында тракторлар мен комбайндардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етумен айналысамыз. Сонымен шектеліп қалмай, аудан алқаптарында өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін бір орталықта сақтау мен бір орталықтан тарату жұмысын ұйымдастырып, процестің басынан аяғынан дейін қатысамыз. Сервистік дайындау орталығының қызметіне бізбен келісімшарт жасасқан кез келген шаруашылық жүгіне алады, - дейді Қ.Бекмұханбетов.

Бұл «Алтын дән Шонжы» СДО-сы «Жаркент крахмал сірне зауыты» ЖШС базасында ұйымдастырылды. Негізінен жүгері мен дәнді дақылдар өсіруде қызмет көрсетеді. Мұнда барлығы 39 ауыл шаруашылығы техникасы, соның ішінде жоғары технологиялы тұқым сепкіш, комбайн және ілу құралдары сатып алынды. Техника алғашқы 2 жылда үзілісті кезеңмен жалпы 10 жылға лизингіге берілді.

   Бүгінгі күні Алматы облысында «Қант қызылшасы», «Жүгері», «Дәнді дақылдар», «Көкөністер», «Күріш», «Картоп», «Жем-шөп» бағыттарында 51 СДО жұмыс істейді. Жалпы сомасы 11 млрд. теңгеге жуық қаржыға 1200-ден астам бірлік арнайы техника қаржы лизингісіне сатып алынды. СДО төңірегіне 250-ден астам ұсақ және орта шаруашылық біріктірілген. 1 мыңдай тұрақты, 12 мың шамасында маусымдық жұмыс орны құрылған.   

  • 19.04.2021
  • 220
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика