• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова Үкімет отырысында ауылды жерде өмір сүру деңгейін арттыру мәселесіне байланысты баяндама жасады

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтті. Күн тәртібінде еліміздегі санитария-эпидемиологиялық жағдай, әлеуметтік-экономикалық дамудың 2021-2025 жылдарға арналған болжамы мен 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша және ауылды жерде өмір сүру деңгейін арттыру мәселесі қаралды. Онлайн форматта өткен жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Министрлік қызметі жайлы баяндама жасады.

Ақтоты Райымқұлова ауыл тұрғындары үшін заманауи, жайлы әлеуметтік-мәдени және спорттық орта құру, ауылды елді мекендерде тұратын балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту Министрліктің негізгі міндеті екенін атап өтті.

«Бүгінде ауылдық жерде 6 мыңнан астам мәдениет ұйымы бар. Оның 3388-і кітапхана, 1626-сы ауыл клубы, 1102-сі мәдениет үйі, 129 – музей.
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2025 жылға дейін 748 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Оның ішінде 180 жаңа мәдениет нысанының құрылыс мен 568 нысанға жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар биыл «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, жергілікті бюджет, жеке инвестиция тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану есебінен 36 мәдениет нысанының құрылысы басталып, тағы 112 нысанға жөндеу жүргізіледі.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде ауылда мәдениет саласында 760 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ ауыл халқының мәдениет саласында көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану деңгейі 72%-ға дейін артады деп жоспарланған.

Мемлекет басшысының 2020 жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында Министрлік балалар үйірмелерінің қызметін жаңарту бойынша, оның ішінде ауылды елді мекендерде белсенді жұмыс істеп жатыр.

Бүгінгі таңда ауылдарда барлығы 12 000 шығармашылық үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде 115,2 мың бала шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерге арналған 9 000 үйірме бар.

Қосымша шығармашылық үйірмелер ашу және балалар мен жасөспірімдердің сапалы бос уақытын ұйымдастыру мақсатында биыл алғаш рет мемлекеттік шығармашылық тапсырыс енгізілді. Оның шеңберінде 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар шығармашылық үйірмелерге тегін қатысады. 2025 жылға дейін республика бойынша қосымша 1600 үйірме ашылады. Ал осы жылдың соңына дейін 500 үйірме ашылады. Осы ретте мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Әзірленген заңға, тәуелді актілердің жобаларына сәйкес бір бала спорт және шығармашылық, білім беру тапсырыстары шеңберінде 2-ден аспайтын тегін үйірме мен секцияға қатысуға құқылы екенін атап өту маңызды.

Нәтижесінде қосымша 42 мың бала мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен қамтылады және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер саны 10 600-ге жетеді»,-деді.

Осыдан кейін министр дене шынықтыру және спорт саласындағы ахуал мен жоспар жайлы баяндады.

«Бүгінгі күні ауылды елді мекендерде 24 мыңға жуық спорт ғимараты жұмыс істейді. Спортпен шұғылданғысы келетін азаматтардың өсіп келе жатқан қажеттілігі өңірлердің, ауылды жерді спорт объектілерімен қамтамасыз ету проблемасын айқындап отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2025 жылға дейін 1719 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары, жергілікті бюджет, жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану есебінен ауылдарда 881 спорт нысанын салу және 838 спорт нысанына жөндеу жүргізіледі.

Биыл еліміздегі ауылды елді мекендердегі 170 спорт объектісіне, оның ішінде Елбасының тапсырмасы бойынша салынып жатқан 55 дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне (ДШСК) құрылыс жұмысы, 154 спорт нысанына жөндеу жұмысы жүргізіледі.

2021 жылы 55 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Оның ішінде 30-ы ауылда.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру аясында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Құжаттың негізгі міндеті – дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың санын арттыру. Бүгінгі күні спортпен айналысатын азаматтардың үлесі 5,9 миллион адам. Бұл ел халқының 31,6%-ы. Оның ішінде ауылды жерде 2,3 миллион адам (30,7%).

Жоғарыдағы көрсеткішті арттыру бойынша биылдан бастап алғаш рет спорт саласында мемлекеттік тапсырыс енгізіледі. Нәтижесінде 2025 жылы спорт секцияларының саны 128 100-ге, оның ішінде ауылда – 66,5 мың дейін жеткізіледі.

Спорт резервін даярлау, жас атлеттердің спорт шеберлігін арттыру мәселелері де маңызды. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2025 жылы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) 270-ке, балалар-жасөспірімдер клубы (БЖК) 142-ге, балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубы (БЖКФҚ) 55-ке дейін жеткізіледі. Сонымен қатар Министрлік әрбір ауылды округтегі штаттағы спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту және олардың санын 2025 жылы 3 561 адамға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайды (2021 жылы – 3 000 адам).

Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастыру және жүргізу үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу көзделген. Сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2025 жылы ауылды елді мекен тұрғындарының 42%-ын дене шынықтыру және спортпен қамту жоспарлануда»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Баяндама соңында министр ауылдағы мәдениет пен спорт ұйымдарының қызметіне бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауыл халқы арасында мәдениет пен спорттың дамуына, бұл шаралар ауылдың тартымдылығын арттыруға оң әсер ететінін жеткізді. Сондай-ақ Министрлік аталған барлық шараның сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

  • 20.04.2021
  • 386
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика