- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
2020 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – Институт) және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен (бұдан әрі – РЖСОП) ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Меморандумның мақсаты әріптестік қарым-қатынастарды нығайту, тараптардың бірлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Сондай-ақ Меморандум тараптардың ғылыми қызметінің нәтижелерін практикалық енгізуді қамтамасыз етуге, Институттың ақпараттық-құқықтық ресурстары мен ақпараттық-іздестіру жүйелерін пайдалана отырып, анықтамалық-консультациялық сипаттағы қызметтерді көрсетуге бағытталған.
Сонымен қатар, Тараптар тағылымдамаларды, ғылыми кеңес беруді, семинарлар мен т.б. ұйымдастыру арқылы РЖСОП қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсету мәселелерін талқылады.
Кездесу екі ұйым өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өткізілді. Іс-шара аясында одан әрі ынтымақтастық пен әріптестік мәселелері талқыланды.
- 28.01.2020
- 500