- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
БАҚ өкілдеріне арналған "Этносаяси сауаттылықты арттыру" семинарының пленарлық отырысына Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева қатысты.
Семинар 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтті, ұйымдастырушысы ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты болды.
Министр қатысушыларға арнаған алғашқы сөзінде мемлекеттің салиқалы саясаттың арқасында әлемде Қазақстанды бейбітшілігі мен келісімі бар ел ретінде танитындығын атап өтті. "Қазақстан халқының бірлігін, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету биліктің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала береді", — деп атап өтті А.Балаева.
Сонымен қатар, ол этносаралық сала проблемаларын саясиландыру әрекеттері байқалып отырғанын атап өтті.
Ол семинар қатысушыларының назарын Қазақстандағы этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуына БАҚ-та этносаралық салаға байланысты оқиғаларды жөнді жариялау үлкен ықпал ететініне аударды.
БАҚ өкілдерімен ашық пікір алмасу барысында министр ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Министр этносаралық қатынастарды дамыту саласында журналистердің арнайы пулын құруды ұсынды. "Әрбір БАҚ-та этносаралық саланы баяндайтын журналистті анықтау қажет". Ол Министрліктің ақпарат беруде олармен тұрақты өзара іс-қимыл жасауға, оқыту жүргізуге дайындығын білдірді.
- 23.04.2021
- 208