- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Алматы облысының нақтыланған бюджеті 747,3 млрд.теңгені құрады.
Алматы облысының нақтыланған бюджеті 747,3 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы 20 сәуірде облыстық мәслихаттың 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды онлайн-режимде өткен ІV кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірхановтың айтуынша, нақтыланғаннан кейін облыс бюджеті 747,3 млрд.теңгені құрайды. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар экономиканың барлық салаларын одан әрі дамытуға бағытталған. Әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінді. Мысалы, білім беруді дамытуға мектеп кітапханаларын жаңғыртуға, білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелері мен пандустарды орнатуға және оларды күрделі жөндеуге қосымша 2,5 млрд.теңге бөлінетін болады.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына қосымша тағы 883,6 млн.теңге, оның ішінде 110 млн. теңге - ересектер мен психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, 19,5 млн. теңге - өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған баспана ашуға бағыттау көзделуде. Энергетика және ТКШ саласына көп көңіл бөлінді. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жалғасады. Мәдениет, спорт және туризм, жер қатынастары, Көлік және коммуникация, құрылыс, сондай-ақ кәсіпкерлік салаларын дамыту үшін қосымша қаражат бөлінді. "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыруға 100 млн.теңге бөлінді.
Сессия барысында талқыланған осы және басқа да мәселелер депутаттардың қолдауына ие болды, Облыстың нақтыланған бюджеті бірауыздан қабылданды.
- 23.04.2021
- 193