- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
тезистері
Павлодар облысының әкімі Ә.Б. Сқақовтың
2020 жылғы 14 ақпандағы облыс халқы алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистеріне ақпарат
Алдын ала деректер бойынша 2019 жылы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде оң серпін орын алып отыр .
Жалпы өңірлік өнім көлемі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2007,4 млрд. теңге құрап отыр (2019 жылғы 9 ай), 2018 жылғы кезеңмен салыстырғанда нақты көрсеткіш 2,8% ұлғайды.
Жан басына келетін ЖӨӨ – 2664,2 мың теңге, бұл республика бойынша орта деңгейден 11,2% жоғары (2396,7 мың теңге). Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикамызда 6 орын алып отыр.
Өңірдегі ЖӨӨ серпіні басым деңгейде нақты сектор мен қызмет көрсетудің негізгі салаларында оң өсу қарқынын сақтауға негізделген.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу қарқыны 102,4%, ауыл шаруашылығы – 103,5%, құрылыс жұмыстары – 103,0%, көтерме және бөлшектік сауда – 107,0%, көлік және қоймалау – 102,1%, байланыс – 106,5% құрайды.
Нақты сектордың оң серпіні әлеуметтік саланы дамытуға әсерін тигізді. Халықтың ақшалай кірісі 14,2%-ға (2019 жылғы 3 тоқсан), орта айлық еңбекақы 13,0%-ға ұлғайды (2019 жылғы қаңтар-қыркүйек).
2019 жылы облыс бойынша 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 69,8% – тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,7% аспайды (2019 жылғы 3 тоқсан).
ӨНЕРКӘСІП
2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары 1 991 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) шығарды, яғни республикалық өндіріс көлемінің 6,8% құрап отыр. Өсу қарқыны 2018 жылғы кезеңмен салыстырғанда – 102,4%.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 428,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2018 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 106,9%. Металл кендерін өндіру – 13,5% өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 1288,1 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға 102,5%-ды құрады.
Өсу қарқыны келесі салаларда қамтамасыз етілді: кокс пен мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 102,9%, машина жасау – 107,2%, жеңіл өнеркәсіп – 112,3%, резеңке және пластмасс өнімерін өндіру –128,6%, химия өнеркәсібі өнімдері– 110,7%, металлургия өнеркәсібі – 102,6% (соның ішінде қара металлургия – 104,1%).
Заттай тұлғалауда өндірістің өсуі байқалуда: газойлдар – 2,7%, жағатын мазут – 3,2%, ферроқорытпа – 6,5%, жіксіз құбырлар – 1,1%, металл конструкциялар 1,2%.
Электр жабдықтауда, газ, бу беру және ауаны алмасты-руда өндіріс көлемі 260,2 млрд. теңгені құрады. Облыстың электр станцияларымен сағатына 43,9 млрд. кВт. электр энергиясы өндірілді. Облыстың электр энергиясын ішкі тұтынуы сағатына 19,3 млрд кВт құрады немесе жалпы өңдеу көлемінің 45,2%, республиканың басқа өңірлеріне жеткізу сағатына 22,5 млрд кВт (52,7%), Өзбекстанға экспорт - сағатына 0,9 млрд кВт (2,1%).
Жылу энергиясын өндіру 11,6 млн. Гкал құрады.
Сумен жабдықтау саласында 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда шығарылған өнімнің көлемі 14,4 млрд. теңгені немесе 111,9%-ды құрады.
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-ның екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустриялан-дыру және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау карталары бойынша 768,7 млрд. теңге сомасына 30 жоба енгізілді, соның ішінде 2019 жылы 55,4 млрд.теңге инвестициялар көлемімен 3 жоба енгізілді.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2019 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 494,6 млрд.теңге құрады немесе 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,1% өсті.
Салалық құрылымдағы ең үлкен көлем өңдеу өнеркәсібінде – 28,5% немесе 134,9 млрд. теңге. Облыс аталған көрсеткіштер бойынша республикада 2-ші орын алып отыр.
Жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық имиджін жетілдіру, «бір терезе» қағидаты бойынша қолданыстағы инвесторлар-ды сүйемелдеу мақсатында «Инвесторлар үйі» ашылып, облыстық Инвесторлар кеңесі, Өңірлік ғылыми-технологиялық орталық жұмыс істейді. 2019 жылы әр елдердің әлеуетті инвесторларымен 50-ден астам кездесу өткізілді.
«ПАВЛОДАР» АЭА
«Павлодар» АЭА 21 қатысушысы тіркелді, соның ішінде 2019 жылы тіркелген 3 жаңа қатысушы: «RTF АСТІСА» ЖШС (белсендірілген көмір өндіру), «Қазмұнайхим» ЖШС (присадкалар өндіру), «Казциносфера» ЖШС (микросала өндірісі).
«Павлодар» АЭА аймағында барлығы 11 кәсіпорын жұмыс істейді. АЭА құру сәтінен бастап аталған кәсіпорындар жалпы сомасы 120 млрд.теңгеге өнім өндірді, 1 500 жұмыс орны құрылды.
Қолданыстағы жобалар бойынша инвестициялар көлемі 75 млрд.теңгені құрады. Жалпы бюджеттік инвестициялардың 1 теңгесіне жеке салымдардың 10 теңгесі келеді.
АЭА инвестициялық қоржынында ұзақ жану қазандығын, дезинфекциялау өнімін, металл конструкциялар, ыстық құрыштандыру, шөміш қаптамасын өндіруді ұйымдастыра отырып, жалпы құны шамамен 215 млрд.теңге іске асырылып және қарастырылып отырған 26 жоба бар.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыстағы агроөнеркәсіп кешенін (бұдан әрі – АӨК) дамыту агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес іске асырылып отыр.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 252,2 млрд. теңгені, яғни республикалық өндіріс көлемінің 4,8%-ды құрады.
Облыс жерлерінің жалпы ауданы 12,5 млн.га құрайды, соның ішінде ауылшаруашылығы бағытындағы жерлер – 6,2 млн.га. 2019 жылы ауылшаруашылығы айналымына ауылшаруашылығы бағытындағы 631,3 мың га жер қатыстырылды.
Жалпы егіс алаңы 2019 жылы 1343,8 мың га дейін ұлғайтылды, яғни 2018 жылдан 5,7% жоғары (1270,3 мың га). Дәнді дақылдар ауданы 10,6% кеңейтілді.
403,2 мың га жерде ылғал ресурсын сақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдар егісі ауданының 40,5%-ын құрады. Облыста 102,2 мың га суарылатын жер пайдаланылады. Тамшылатып суару 642,5 га алаңында қолданылады.
Облыс шаруашылықтарында «нақты» жер бөлу элементтері навигациялаудың спутниктік жүйелерін пайдалана отырып енгізілуде (GPS). Пайдаланылатын егістік жерлердің 100%, жайылымдардың – 80,7%, шабындықтардың – 84,1% цифрландырылды.
Жедел деректер бойынша 2019 жылы дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы гектардан 10,6 центнер кезінде 9,8% -ға (822,5 мың тонна), майлы дақылдар – 4,4% -ға (132,3 мың тонна), картоп – 15,2% – ға (552,0 мың тонна), көкөніс және бақша дақылдары - 4% - ға (294,4 мың тонна) артты.
Мал шаруашылығында шаруашылықтың барлық санаттарында 99,9 мың тонна тірі салмақта ет (103,5%), 392,1 мың тонна сүт (102,6%), 248,1 млн.дана жұмыртқа (115,7%) өндірілді.
Ірі қара мал басы 426,6 мың басты құрады (2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға 104,0% -ға өсті), қой – 489,6 мың бас (103,0%- ға), ешкі – 62,0 мың бас (100,9%- ға), жылқы – 184,6 мың бас (111,5%- ға), шошқа – 73,8 мың бас (103,6%-ға), құстар – 1695,8 мың бас (104,5%- ға).
«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында 1713,7 тонна ет өнімі экспортталды, яғни 2018 жылғы деңгейден 28% жоғары.
204 дайындау пункті және 250 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді. 2019 жылы облыс бойынша 14 қайта өңдеу объектісі іске қосылды.
Жалпы облыс жергілікті өндірістің негізгі тамақ өнімдерімен 80% қамтамасыз етілген.
АӨК-ке тартылған инвестиция көлемі тұрақты өсуде. Өткен жылдың кезеңіне қарағанда 2,7 есе өсумен, 2019 жылы 53,8 млрд. теңге салынды.
30 млрд. теңге сомасына 74 инвестициялық жоба іске асырылды, шамамен 290 жұмыс орны құрылды.
2019 жылы АӨК мемлекеттік қолдауға 23,4 млрд.теңге бағытталды.
КӘСІПКЕРЛІК
Кәсіпкерлік саласында да оң үрдістер сақталды.
2020 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің (бұдан әрі - ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 45,5 мың бірлікті құрады немесе 2018 жылғы қаңтар–желтоқсанға қарағанда 3,8% артты.
2019 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша ШОБ-інде жұмыспен қамтылғандар саны 136,4 мың адамды (103,8%), өнім, тауарлар өндірісі және ШОБ қызметтері - 607,0 млрд.теңге (122,5%) құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін барлық деңгейдегі бюджеттерден 2019 жылы 2,5 млрд.теңге бөлінді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 458 жоба қолдау тауып, соның есебінен шамамен 700 тұрақты қосымша жұмыс орындары құрылды (1,5 мыңнан астам жұмыс орны сақталды).
Жалпы облыс субсидиялаудың қолдау тапқан жобалары мен кепілдіктер саны бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша екінші бағыт шеңберінде шағын кредитті 671 кәсіпкер алды (қалаларда – 57 кәсіпкер және ауылдық жерлерде – 614).
ТУРИЗМ
Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді, соның ішінде 82 - турагенттік қызметті жүзеге асыратын компания, 9 - туроператорлық ұйым. Статистика деректері бойынша облыста 109 орналастыру орны бар, соның ішінде 65 қонақ үй және 44 басқа орналастыру орындары (демалыс үйлері, хостелдер).
Облыстың туристік бағдарлары мен соқпақтарының тізілімінде 87 туристік бағдар жұмыс істейді, оның 67-і қасиетті орындар бойынша.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде орналастыру орындарында ішкі және келу туризмі бойынша қызмет көрсетілген келушілердің жалпы саны шамамен 125 мың адамды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11%-ға артық. Жалпы жыл сайын шетелдік туристер санының 9%-ға өсуі байқалады.
Қазақстан Республикасының туристік саласын 2025 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Баянауыл курорттық аймағын дамытудың іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 332,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылғы деңгейден 117,0%-ға артық.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға қосымша инвестициялық өсімді «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы береді. Екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдікті шарттарда қарыз ақша беріледі.
Екінші деңгейдегі банктерге «7-20-25» бағдарламасы бойынша 4,4 млрд.теңге сомасына 623 өтінім келіп түсті, соның ішінде 2,4 млрд. теңге сомасына 344-і мақұлданды.
Осы Бағдарлама арқылы іске асыруға облыс бойынша 141 пәтер бар (баға ауқымы 1 м2 үшін 100-ден 160 мың теңгеге дейін), соның ішінде Павлодар қаласында – 84, Екібастұз қаласында – 57.
Сонымен қатар, 2019 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша «Сарыарқа» шағын ауданында № 25 және № 30 тұрғын үйлер (жалпы 144 пәтер) іске асырылды. 2019 жылдан бастап шағын ауданда 6 кредиттік көп пәтерлі тұрғын үй енгізілді.
Сатып алу құқығынсыз жалданбалы үйлер бойынша 2019 жылы Ақсу қаласының ауылдық аймағының Қалқаман ауылындағы Степная көшесі, 2 және 4 үйлер аяқталды. Тағы 3 үй 2020 жылға ауысып отыр.
Анықтама ретінде: Павлодар қ. «Сарыарқа» шағын ауданындағы № 11 тұрғын үй, Ақсу қ. Молодежная көшесі, 32, Екібастұз қ. 22 шағынаудан.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен 2019 жылы 14 жалданбалы тұрғын үй Екібастұз қ. (10 тұрғын үй) және Ақсу қ. (4 тұрғын үй) құрылысы басталды, аяқталу мерзімі 2020 жыл, соның ішінде 11–і «Nurly Ertis» жаңа бастамасы шеңберінде іске асырылады.
Көп балалы отбасылар үшін 2019 жылы РБ-тен 1,2 млрд.теңге бөлініп, Екібастұз қ. мен Ақсу қ. 149 пәтер сатып алынды.
Анықтама ретінде: Екібастұз қ. - 36, Ақсу қ. – 113, соның ішінде 27 ЖТҮҚ.
Сонымен қатар, шағын аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. 2019 жылы пилоттық режимде Павлодар қаласының Әуежайы ауданында 4 үлгідегі үйлердің бірыңғай сәулет стилінде 55 кредиттік жеке үйлер құрылысы жалғастырылды. Соның ішінде 18 жеке тұрғын үйдің 36 пәтері бойынша жұмыстар аяқталды.
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2019 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында орталық жылу пункттерін жаңғыртуға 923,7 млн.теңге бағытталды.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 9,5 млрд.теңге бөлінді. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 16,4 млрд. теңге.
Қалаларда орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 93,0%-ды және су бұру 87,0%-ды құрайды. 2019 жылы 34,9 шақырым сумен жабдықтау желілерін және 31,9 шақырым су бұру желілерін салу мен қайта жаңарту жұмыстары орындалды.
2019 жылы жалпы сомасы 13 млрд.теңгеге ауылдық сумен жабдықтаудың 52 жобасын (халық саны 48 мың адам) салу мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
39 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. АЕМ-нің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткіші 29,7%-дан 40,1%-ға дейін ұлғайды (сапалы ауыз сумен қосымша 36 мың адам қамтамасыз етілді).
ТҮКШ және әлеуметтік сала объектілерінде қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі 23 қазандық жабдығын күрделі жөндеу және ауыстыру орындалды.
Облыстың электр станциялары мен энергия беруші ұйымдарында негізгі энергия үнемдеуді қайта жаңарту және жаңғырту жүргізіледі. «ЕЭК» АҚ-да қуаты 325 МВт № 5 энергоблок желіге қосылған, бұл электр станциясының белгіленген қуатын 25 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Кәсіпорын қаражаты есебінен 2155,0 шақырым электрмен жабдықтау желілеріне және 743 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді.
АБАТТАНДЫРУ
2019 жылы 342 балалар ойын алаңдарын жөндеу және жайластыру, 59 спорт алаңшалары жайластырылды, 339 аула ішіндегі аумақтар абаттандырылды.
Сондай-ақ 48 абаттандыру және 215 саябақ пен гүл бағын күтіп-ұстау жұмыстары орындалды, 270,4 мың ағаш отырғызылды.
Санитарлық жағдайды сақтау үшін елді мекендер аумағын тазалау жұмыстары орындалды, рұқсатсыз 105 қоқыс орны жойылды.
КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жүк айналымы – 35,4 млрд. ткм (100,7%) құрады. 1,2 млрд. жолаушы тасымалданды (100,3%), жолаушылар айналымы 0,1%-ға артты.
59 облысішілік, 58 қалалық және 33 ауданішілік бағдардан тұратын жолаушылар бағдарлық желісі жұмыс істейді. Бұдан басқа, 9 облысаралық және 12 халықаралық бағдар жұмыс істейді. Облыстың барлық ауылдық елді мекендері тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған. 38 әлеуметтік маңызы бар ауданішілік сызбаларды субсидиялауға 2019 жылы облыс қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 809,8 млн.теңге игерілді.
2019 жылы жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 59,4 млрд.теңге бағытталды, облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың 681,5 шақырымы жөнделді. 45 жол учаскелері жөнделді.
Жалпы 2019 жыл ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 82,6%-ға жетті.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы реконструкциялау бойынша 5 жоба, орта жөндеу шеңберінде 24 жоба, жолдарды күрделі жөндеу шеңберінде 2 жоба іске асырылды.
Ұзындығы 92 шақырым автожолдың 2 учаскесі пайдалануға берілді, соның ішінде Нұр-Сұлтан - Павлодар учаскесі бойынша 46 шақырым, Павлодар - Семей учаскесі бойынша 46 шақырым.
Азаматтық авиация саласында 2019 жылы Павлодар қ. аэропортымен 434,8 тонна жүк және пошта жіберілді. Жіберілген жолаушылардың саны 117,9 мың адамды құрады.
Өзен көлігі саласында «Павлодар өзен порты» АҚ 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 636,4 мың тонна көлемде жүк әкелді, бұл 2018 жылдың көлемінен 63,6%-ға көп.
БЮДЖЕТ
2019 жылы мемлекеттік бюджетке 298,2 млрд.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 2019 жылдың жоспарына 100,9%, республикалық бюджетке 176,8 млрд.теңге (жоспарға 100,3%), жергілікті бюджетке 121,4 млрд. теңге (101,7%) аударылды. Облыс бюджетінің шығындары 270,0 млрд. теңгеге немесе 99,8% орындалды.
Облыста 4-ші деңгейдегі бюджетті жаппай енгізу жұмысы аяқталды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлығы 126 ауылдық бюджет дербес болды. Олардың бекітілген жалпы көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады. ЖӨБ органдарының өз кірістерімен қамтамасыз етілуі – 2,3% немесе 216,2 млн.теңге құрады.
ИНФЛЯЦИЯ
2019 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 105,5% құрады (ҚР – 105,4%).
Азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 9,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 4,4%-ға, ақылы қызметтер - 1,8%-ға өсті.
Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы іс жүзінде барлық тауар топтары бойынша орташа республикалық деңгейден төмен сақталуда.
2020 жылдың 1 қаңтарына облыста республика бойынша 1 сұрыпты ұнға, тұздалмаған сары майға, картопқа, сәбізге ең төмен баға белгіленді.
93 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында 2019 жылы 616 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, 2,2 млрд.теңгеге өнім сатылды.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
2019 жылы табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға облыстық бюджеттен 1514,42 млн.теңге бағытталды. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындары 14,1 млрд.теңге сомасына табиғат қорғау іс-шараларын жүргізді.
Ертіс өзеніне көктемгі су жіберудің жыл сайынғы мониторингі жүргізілді. Сонымен қатар, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік су жіберу жүргізілді.
Сынаптың қозғалысын бақылау және Ертіс өзенінің су объектілерінің сынаппен ластануын болдырмау үшін Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағында бақылау ұңғымаларын ұлғайту жұмыстары жүргізілді.
Павлодар облысы экология департаментінің (ГАНК-4) зертханасын толық жабдықтау үшін зертханалық жабдықтар сатып алынды. Аспап өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфералық ауасының сапасын жедел талдауды жүргізуге және жедел бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Баянауыл ауданының Біржанкөл және Торайғыр көлдерін тұқының биылғы төлімен (172 мың дана) балықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік орман қоры аумағында 30,4 га алқапта орман дақылдарын көктемгі отырғызу жүргізілді. Көктемгі және күзгі отырғызу, «Экочас» жалпыреспубликалық акциясы барысында облыс аумағында 80 мыңнан астам жасыл желектер отырғызылды.
Баянауыл ауданының елді мекендерін тасқын судан қорғау үшін Ащысу өзенінің түбін тереңдету және тазарту бойынша жобаны іске асыру аяқталды. Жобаны іске асыру 13 ауылдық елді мекенді су басудың алдын алуға, сондай-ақ жайылма суару мен жем-шөп қорын су басу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2019 жылы 3129 аз қамтылған отбасына жалпы сомасы 52,2 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен жалпы сомасы 4696,7 млн. теңгеге 45,4 мың адам қамтылды. 2019 жылдың сәуірінен бастап Павлодар облысының халықты жұмыспен қамту орталықтары және ауылдық округтерінің әкімдері жаңа тетік бойынша атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер қабылдады. Жыл қорытындысы бойынша 39,9 мың аз қамтылған азаматтар көмек алды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 1552 жұмыссыз, жастар тәжірибесіне - 876 оқу орындарының түлектері жұмысқа орналастырылды.
Жалпы сомасы 83,1 млн.теңгеге 10,3 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілді.
2019 жылы мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оңалтуға 782,4 млн. теңге жіберілді. Бөлінген қаражатқа мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың 70%-нан астамы сурдо-тифлотехникалық құралдар, протездік-ортопедиялық құралдар, кресло-арбалар, санитарлық-курорттық сауықтыру және басқаларын алды. Ағымдағы жылға мүгедек тұлғаларды оңалту бойынша бағдарламаларды қаржыландыру тәртіппен екі есеге өсті (1182,0 млн. теңге), бұл 90% мұқтаж адамдарды әлеуметтік қызметтермен және оңалту құралдардармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
БІЛІМ БЕРУ
Білім беру жүйесіне 357 жалпы білім беретін мектеп (109,0 мыңнан астам оқушы), 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері кіреді. Апаттық және үш ауысымды мектеп жоқ.
2019 жылғы бірыңғай ұлттық тестілеуге 2764 түлек қатысты, бұл 77,1% құрады (2018 ж. – 69,5%).
Мектептердің компьютерлік паркі 21,0 мың бірлікті құрайды. Жалпы облыс бойынша бір компьютерге 5,2 оқушыдан келеді. Облыстың барлық мектептері кең жолақты Интернетке қол жеткізе алады.
Облыс бойынша оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету 100% құрайды.
2019 жылы 34 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мен дамытуды қамтамасыз ету үшін облыста 74 қосымша білім беру ұйымы, 12 қала сыртындағы жазғы лагерь жұмыс істейді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар контингенті 20,0 мыңнан астам адамды құрады, соның ішінде колледждердің 14,0 мың студенті 82 мамандық бойынша тегін білім алады.
«Серпін-2050» жобасы бойынша облыстың жеті колледжінде республиканың оңтүстік өңірлерінен 400-ден астам студент оқиды. 2019 жылы 135 адам оқуды аяқтады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 394 мектепке дейінгі ұйым (40,4 мың бала) жұмыс істейді, соның ішінде 155 балабақша және 239 шағын орталық.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 82,0%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100% құрайды.
2019 жылы Екібастұз қаласында 700 орынға арналған отын-энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталықтың құрылысы аяқталды. Павлодар қаласындағы Жоғары электроника және коммуникация колледжінің, Ақсу қара металлургия колледжінің әрқайсысы 200 орынға арналған 2 жатақханасы енгізілді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің 167 орынға арналған жатақхана ғимараты қайта жаңартылды.
Келесі жаңа объектілер: Солнечный кентінде 420 орындық мектеп, Екібастұз қаласында 2 балабақша, Железин ауданының Жаңа-жұлдыз ауылында шағын орталық, Железин ауданының Железинка ауылында «Шабыт» балалар өнер мектебі, Павлодар қаласында 150 орындық «Лингва» жеке бастауыш мектебі ашылды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Облыстың денсаулық сақтау желісінде 330 медициналық ұйым бар, онда 2617 дәрігер мен 6603 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
2019 жылы облыста 11390 сәби дүниеге келді, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 15,1 құрады.
Жалпы облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішінің 4,1%-ға (100 мың тұрғынға 45,0) төмендегені байқалады.
2019 жылдың желтоқсанында Павлодар қаласында 200 орын облыстық онкологиялық диспансер және ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана пайдалануға берілді.
МӘДЕНИЕТ
2019 жылы Павлодар қаласының ауылдық аймағының Кенжекөл ауылында Мәдениет үйі, Железнодорожный кентінде және Павлодар қ. Жаңаауыл ауылында ауылдық клубтар салынды.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Железин ауданы Железинка ауылындағы аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді.
2019 жыл ішінде облыстың мәдениет мекемелерімен 10 мыңнан астам іс-шара өткізілді.
2019 жылғы барынша маңызды мәдени іс-шаралар:
«Ertis» мультимедиялық мұражай кешенінің ашылуы;
«Ertis Promenade» сахнасында 500 мыңнан астам адам қамтылған шамамен 50 түрлі шара өткізілді.
Академик Қаныш Сәтбаевтың 120-жылдығы және күйші Рүстембек Омаровтың 100-жылдығына арналған мерекелік күндер аталып өтті;
Облыс мұражайлары 4370 экскурсия, 1299 дәріс өткізді, 649 көрме ұйымдастырды, 1134 жаңа экспонат алды. Келушілер саны 232,4 мың адамды құрады.
Облыс театрлары 385 спектакль қойды, соның ішінде 79,2 мың көрерменді қамтыған 13 премьера.
Кітапханалардың компьютерлік паркі 672 бірлікті құрайды, 124 кітапхана Интернет желісіне қосылған. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша кітапханалар қызметін 425,7 мың оқырман пайдаланды.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Облыстың спорт объектілері мен ғимараттары желісіне барлық меншік түрінің 3573 бірлігі кіреді, соның ішінде ауылда – 1974. 2019 жылы облыс бойынша 54 жаңа спорт объектісі пайдалануға берілді.
22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 24813 балалар мен жасөспірімдер шұғылданады.
2019 жылы Қазақстан Республикасының 16 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 69 спорт шебері дайындалды.
Облыс спортшылары Халықаралық және Республикалық жарыстарда 1958 медаль (529 алтын, 653 күміс, 776 қола) жеңіп алды.
Облыста кәсіби спорт клубтары табысты жұмыс істеуде, олар Қазақстан Республикасының чемпионаттарында тұрақты түрде жетекші орындарды иеленеді.
«Ертіс» әйелдер баскетбол клубы 2018-2019 жылдардың маусымында Қазақстан Республикасы Кубогының күміс медальдарын жеңіп алды.
«Ертіс» волейбол клубы 2018-2019 жылдардың маусымында 2019 жылғы әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасы Кубогының күміс медальдары мен Чемпионаттың қола медальдарын жеңіп алды.
«Ертіс» футбол клубы футбол маусымын Премьер-Лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатында сегізінші орынмен аяқтады.
Облыста барлығы 210,0 мың адамды қамтитын 1,5 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың саны 231,0 мыңнан астам адамды немесе облыс халқының жалпы санының 30,7%-ын құрады.
Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында олимпиада резервін дайындау орталығының, жабық мұз жару аренасының құрылысы жүргізілуде.
2019 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағында демеушілік қаражат есебінен салынған жабық футбол манежі ашылды.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Облыста 14-29 жас аралығындағы жастар саны 152,1 адамды құрайды (облыс халқының жалпы санынан 20,2%), соның ішінде 104,5 мың адам қалаларда, 47,6 мың адам - ауылда тұрады (жастардың жалпы санынан 31,3%).
Жастар жылы аясында «Жас Кәсіпкер» жобасы бойынша 851 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді. Облыс бойынша 200 АЕК мөлшерінде бизнес ашу үшін 1168 грант берілді.
«Жас шебер» жобасы аясында 1040 адам өз бизнесін ашты.
2019 жылы алғаш рет 10,0 млн.теңге жалпы жүлде қорымен 10 номинация бойынша «Ертіс дарыны» жастар сыйлығы бекітілді. Өңірде республикалық ауқымдағы: «Жастар керуені», «Stud Cump 2019» жазғы лагері, «Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы» және т.б. бірқатар іс-шаралар өткізілді.
2019 жылы 425 жұмыс берушімен келісім шарт бойынша 876 оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасы ұйымдастырылды, 369 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша аудандарға 429 жас маман келді, соның ішінде 286 адам 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алды. Ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алуға 248 кредит берілді.
2019 жылы барлығы 80 мыңнан астам адамды қамтумен 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді.
ҚЫЛМЫСКЕРЛІКПЕН КҮРЕС
2019 жылы ішкі істер органдары жүргізген жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша қылмыстылық деңгейі 22,9%-ға төмендеді, тіркелген қылмыстар саны 7972 құрады.
Аса ауыр қылмыстардың ашылуы 90,7%-дан 90,9%-ға дейін артты.
Өңір жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар 2019 жылы жол-көлік оқиғаларының санын 8,2%–ға, онда жарақаттанғандар санын 2,9%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ
Облыста 797 ҮЕҰ жұмыс істейді, 400-ге жуық азаматтық сектордың өкілдері өз қызметін белсенді жүзеге асырады.
Этносаралық, тілдік және діни қатынастарды сақтау және нығайту үшін 24 облыстық этномәдени бірлестіктердің қызметі қамтамасыз етіледі.
Облыстық, қалалық және аудандық қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңесі, ақсақалдар кеңестері, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен жастар кеңестері жұмыс істейді.
Жыл сайын Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау шеңберінде ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының конкурстары өткізіліп тұрады.
2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 152 әлеуметтік-маңызды жоба іске асырылды.
17 облыстық кәсіподақ, 1295 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметі белсенді жүзеге асырылуда.
Облыста Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың: «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, Қазақстанның коммунистік халық партиясының, «Бірлік» партиясының, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 6 облыстық филиалы жұмыс істейді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және жылжыту шеңберінде Павлодар облысында 720 мыңнан астам адамды жалпы қамтумен 3000-ға жуық іс-шара өткізілді.
Облыста әртүрлі меншік нысанындағы 90 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген.
- 04.02.2020
- 687