• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Оңалбаева Л.Е.
Оңалбаева Л.Е.

«Кербұлақ жұлдызы» ЖШС директор-бас редакторы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ел игілігіне беріледі

Бүгінде біздер баламыздың заманға сай дамып, бос уақытын тиімді пайдаланғанын қалаймыз. Балаларымыз көп уақытын телефонға телмірумен өткізетіні жасырын емес. Алайда осы олқылықты жою - біз бен сіздің парызымыз. Жас шыбықты қалай исең, солай майысады емес пе? Сондықтан баламыздың тәрбиесіне баса мән беру және қабілетін шыңдау - біздің міндетіміз.

Бүгінгі күні аудан орталығында балаларды жан-жақты дамытатын, шығармашылығын шыңдайтын Балалар өнер мектебінің салынып жатқандығы көпшілікке мәлім. Аталмыш мекеменің құрылысы былтырдан басталып, биыл ел игілігіне 50 орындық балаларға арналған мектеп берілетіндігі жоспарланып отыр. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 70 пайызы ойдағыдай аяқталған. Жаңа кешен аудан орталығының жаңа шағын ауданында салынуда.

- «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Сарыөзек ауылында өнер мектебінің құрылыс нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін 2020 жылдың 14 сәуірінде «Гунн Строи сервис» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаны 1007 шаршы метрді құрайды. Ол бір ауысымда 50 орынға есептелген, яғни күніне 300-ге жуық жас таланттарды қамту мүмкіндігі бар, - деп бөлісті аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Асхат Бураханов.

Өнер мектебі - бұл балаларға мәдени қызмет салалары бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектептен тыс мекеме. Мектептің мақсаты - балалардың кәсіби деңгейде мәдени дамуына жағдай жасау. Өнер мектебі 7-18 жастағы балаларға арналған. Оқушылардың жалпы саны 50 орын, 2 ауысым, аптасына 3 күн (әр топ аптасына 2 рет айналысады, сондықтан біз 3 күнді есептейміз) = 300 адам. Кескіндеме және мүсін үйірмелерінің орташа толықтырылуы - әрқайсысы 10 адамнан, әмбебап хореографиялық үйірмелер - 10 адамнан, мамандық бойынша сыныптар - 8 адамнан, ансамбль сыныбы (хор) - 10 адамнан тұрады.

Үйірмелердің толтырылуы әртүрлі болуы мүмкін. Өнер мектебінің көрермендер залы көпфункционалды болып табылады және музыкалық, вокалдық, би қойылымдарына, кинофильмдерді көрсетуге арналған. Зал дыбыс жабдықтарымен, жарық, проекциялық, перде механизмімен, сахна киімімен жабдықталған. Сахналық немесе дайындық костюмдерін киіп жүруге, грим қою мен шешінуге, демалуға және т.б. арналған бөлмелер залға тікелей жақын орналасқан. Жобалау тапсырмасына сәйкес домбыра, қобыз, скрипка, баян, фортепияно сабақтарына арналған студиялар қарастырылған. Оқу күндері балалардың сабақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспауы тиіс. 30-45 минуттан кейін балалардың демалуы және 10 минут үзіліс жасалады. Сондай-ақ ғимаратта директордың қабылдау бөлмесі, мұғалім кабинеті, бухгалтер кабинеті бар. Өнер мектебінің педагогтары мен қызметкерлерінің саны - 22 адам.

Өнер мектебінде көркемдік сыныптар, фортепиано, қобыз, домбыра, баян және хореография студиясы қарастырылған. Сондай-ақ, техниканың соңғы нұсқасы бойынша жабдықталған 100 орындық акт залы бар.

Аудан орталығы - Сарыөзек ауылының халқы 14417 мың адамды  құрайтынын және бұл өнер мектебі жергілікті ұлдар мен қыздар өздерінің шығармашылық әлеуетін дамыта алатын алғашқы нысан болатынын атап өткен жөн.

Балаларымыздың өнерін шыңдайтын жаңа нысан жоспар бойынша мамыр айында ел игілігіне беріледі.

 

Аңсаған АСАНҚЫЗЫ.

 

  • 23.04.2021
  • 418
Оңалбаева Л.Е.

«Кербұлақ жұлдызы» ЖШС директор-бас редакторы

Оңалбаева Л.Е.

«Кербұлақ жұлдызы» ЖШС директор-бас редакторы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика