- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Менің халыққа есеп беру кездесуiм 2020 жылғы 19 ақпанда сағат 11.00-де Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы драма театрында өтедi.
Есеп беру кездесудің тiкелей көрсетiлімі Алматы облысы әкімдігінің www.zhetysu.gov.kz ресми интернет-ресурсында жүргізіледі.
Өткізілетін есепке қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды:
- облыс әкімінің www.zhetysu.gov.kz ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» бөліміне;
- https://dialog.egov.kz/blogs/65537/welcome - облыс әкімінің жеке блогына;
- әлеуметтік желілерде: «Instagram» – Zhetysupress, «Facebook» – Алматы облысының әкімдігі/Акимат Алматинской области - облыс әкімінің жеке парақшаларына жіберуге болады.
Облыс әкімдігінің (Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 38), «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ғимараттарында (Талдықорған қаласы, «Қаратал» шағын ауданы, 22 «А») азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын жинақтауға арналған жәшіктер орнатылған.
Сонымен қатар облыс әкімдігінің ғимаратында қоғамдық қабылдау жұмыс істейді, телефоны: 8 (7282) 24-71-40.
- 10.02.2020
- 540