• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова Ұлттық орталық жұмысын оң бағалады Қайта оралу

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына арнайы келіп, сала қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев, Архив ісі және құжаттама департаментінің директоры Бағдат Тансыбеков, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова, Ұлттық орталық директоры Мәлік Отарбаев бастаған ұжым қатысты.

– Ұлттық орталықтың да, мұрағаттың да жұмысы күрделі. Біз мемлекет тарапынан ғимараттарды үлкейтіп, кітаптар сақтайтын қорды ұлғайту бағытында жұмыс істеп жатырмыз, - деп бастаған әңгімесін Ақтоты Рахметоллақызы: «Өздеріңіз де білесіздер, 20 жыл бойы мәдениет пен мұрағат саласы мамандарының жалақысы өспеген еді. 2020 жылы жалақыны 50 пайызға өсірдік. Биыл да бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біз қазір «Қазақстан ипотекалық компаниясы» өкілдерімен кеңесіп, мәдениет саласы мамандарының жалақысына орай несиелік жобаларға қатысу мәселесін қарастырып жатырмыз. Олар осы салалар үшін пайыздық мөлшерлемелерін төмендетсе дейміз. Биылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе сияқты қалаларда осы бағдарламаның кеңінен жүзеге асуына атсалысып келеміз. Жастар ұлттық орталық, мұрағат, кітапханаларға келсін деген ниеттен туған бастамалар бұл» , - деді.

2017 жылы құрылған Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығында 11000 астам кітап қоры сақталған.

Өз кезегінде орталық директоры Мәлік Отарбаев министрге алғыс білдіре отырып, реставрациялық зертхананың маңызына ерекше тоқталды. Бір айта кетерлігі, астанада мұндай зертхана тек Ұлттық орталықта ғана бар. Мұнда мамандар сирек және көне кітаптарды қайта қалпына келтіріп, қорға табыстайды.

Реставратор маман Сырым Ботабеков министрге өз жұмысын таныстырумен қатар, салада қордаланған мәселелерді азды-кемді айтып өтті. Бұл тұста биыл бюджеттен төрт зертхананы қолдап, құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары ары қарай да жалғасатыны белгілі болды.

Ұлттық орталық директоры Мәлік Нұржанұлы: – Кітаптар қоры күн өткен сайын толығып жатыр. Бұл қуантарлық жәйт. Елорда тұрғындары көрме залын көруге арнайы келеді. Оқу залында жалпы қордағы кітаптардың 60 пайызы сақталған. Күніне кемінде 10 адам, жас ғалымдар мен оқырмандар келіп, қажетті мәліметін алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе береді, - деді.

Кездесу соңында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық орталық қызметкерлеріне табыс тілей отырып, арнайы кітапқа ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Мәлік Нұржанұлы министрге түрік ақыны Юнус Эмренің қазақ тіліне аударған жыр жинағын сыйға тартты.

  • 28.04.2021
  • 216
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика