• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірде қой төлдету науқаны аяқталуға жақын

 Алматы облысында мал төлдету науқаны аяқталуға жақын. Биылғы жылы қойдан 1 млн. 800-ден астам қозы алу жоспарланса, бүгінгі күнге соның 1,5 млн. бастан астам төлі қатарға қосылып үлгерген, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  Мәселен, мал шаруашылығы негізгі кәсібі болған Кеген ауданында екі жүз мыңнан аса қой-ешкі бар, оның тең жартысынан астамы - аналық. Аудан әкімдігінің дерегіне сүйенсек, қойды будандастыру 3 бағытта жүргізіледі: ет өнімдерін арттыру, жоғары сападағы биязы жүнді қой өсіру, құрама өнім – жүн мен ет өнімін сәйкестендіру. Осы мақсатта аудан шаруашылықтары асыл тұқымды қойларды сатып алып, селекциялық жұмыстарды жүргізіп келеді. Мәселен, Жылысай ауылдық округінде Дархан Масенов басқаратын "Дархан" шаруа қожалығында 2300 бас асыл тұқымды архар-меринос қойы бар, соның ішінде 1680 бас саулық. «Дархан» шаруа қожалығы 2002 жылы құрылып, осы уақыттан бері қой шаруашылығын асылдандырумен тұрақты айналысып келеді. Бүгінде әр жүз саулықтың соңынан 100 қозыдан ілесуде.

- Мал басы көбейген сайын шаруашылықтың да іргесін кеңейту қажеттілігі туындады. Соған сәйкес 2019 жылы 100 басқа арналған мал бордақылау алаңын салдым. Шаруашылықта 20-ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі мал төлдету маусымдық кезінде жұмысшы санын арттырып отырмыз, - деді шаруа қожалығының басшысы Дархан Масенов.

Панфилов ауданының шопандары да қыстан қысылмай шығып, мал төлдету науқынына белсене кіріскен. Аудан әкімдігі Тасқын Жапарқұлов басқаратын «Ернар» ЖШС мен Нұртай Жұмақовтың шаруашылығы жылдан жылға мал сапасын арттырып, асыл тұқым өсіруге ден қойып келе жатқанын айтады. Ернарлықтар 2400 аналықтан қозы өргізсе, Н.Жұмақов 500 басты төлдетті.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын қой тұқымы нашарлап, жүні сапасызданып, қозылар әлсіз болып туатын. Кейін ғалымдар мен шаруашылықтар бірігіп, мал тұқымын асылдандыруға бірлесе кірісті. Соңғы жылдары «Жетісу» өңірлік қой шаруашылығы қауымдастығы шет елдерден асыл тұқымды қойларды жеткізіп беріп, аймақтарда ұсақ мал сапасын арттыруға көп қолдау көрсетіп отыр. Бірқатар шаруашылықтар қауымдастықтың көмегімен техник-ұрықтандырушыларды оқытып, ұрықтандыру пункттерін жабдықтап алды. Нәтижесі жаман емес, биылғы төлдер ірі, төзімді. Өнім сапасын одан әрі де жақсарту үшін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды жалғастырамыз, - деді шаруашылықтың бас зоотехнигі Ермек Қонақбаев. 

Жалпы Алматы облысы бойынша 3,9 миллионға жуық ұсақ мал бар болса, соның 2 миллиондайы аналық бас. Соның 140 мыңы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, қалған 3,8 млн басқа жуығы жеке аулалар мен шаруа қожалықтарына тиесілі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, биылғы жылы 1 млн. 800-ден астам төл алу жоспарланған. 26 сәуірдегі дерек бойынша, әзірге 100 бастан 102 қозы алынып, 1,5 млн. бастан астам жас төл қатарға қосылған.

  • 28.04.2021
  • 292
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика