• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Ақтоты Райымқұлова Қазақстандағы Беларусь Елшісін қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Павел Утюпинді қабылдады.

Ақтоты Райымқұлова Петр Утюпинді Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы қызметіне табыс тіледі. Министр Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым қатынас ұзақ жылғы достық пен өзара сыйластыққа негізделгенін атап өтті.

«Бүгінде екі ел арасында тұрақты мәдени байланыс орнады, деп айта аламыз. Мәсалы, елорда төріндегі «Астана Опера» театры мен Беларусьтің Үлкен театры спектакльдерге тұрақты түрде солистер алмасып тұрады. Сонымен қатар Қазақстан өкілдері «Беларусь кітаптары» халықаралық көрме-жәрмеңкесі, Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі, «Лістапад» Минск халықаралық кинофестивалі сынды мамандандырылған мәдени іс-шараларға тұрақты қатысады.

Қазақстан Республикасында Беларусь халқының мәдени мұрасын насихаттау шеңберінде Беларусь пен Қазақстанның мемлекеттік мұрағаттары мен мұражайлары арасында әріптестік орнатылды. Әдебиет, өнер, кинематография қайраткерлері арасында серіктестік байланыс орнатылды.

Екі мемлекеттің мәдениет күндерін өткізу Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.

2018 жылы Беларусь Республикасында Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерін өткізу жарқын оқиғаның бірі. Беларусь көрермендері үшін Беларусьтегі Қазақстан мәдениет күндері аясында фотокөрме ұйымдастырылды. Ал Қазақстанның ұлттық мәдениетін ARLAN ZHETE ұлттық костюмдер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар театры ұсынды»,-деді.

Ақтоты Райымқұлова 2021 жылы Қазақстанда Беларусь Республикасының мәдениет күндерін өткізу жоспарланғанын атап өтті. Мәдениет күндері аясында Беларусь киносының күндері ұйымдастырылады.

«Биыл 14-19 шілде аралығында өтетін Витебскіде «Славян базары» ХХХ халықаралық өнер фестивалі аясында «ВИТЕБСК–2021» эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық конкурсына Қазақстан атынан Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті Рухия Байдүкенова қатысады.

Ал «ВИТЕБСК–2021» ХІХ халықаралық балалар музыкалық байқауында «Бозторғай-2019» халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпазы Амина Асгатова өнер көрсетеді. Халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшесі ретінде Димаш Құдайберген шақырылды. Фестивальдің ашылуы мен жабылуына Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген қатысады».

Спорт саласындағы ынтымақтастыққа тоқталған министр былтыр 13 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрлігі арасында 2020-2022 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына онлайн режимінде қол қойылғанын атап өтті. Аталған құжат спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялар, олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиадалық резерв училищелері, спорт мектептері мен екі елдің клубтары деңгейінде тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Ақтоты Райымқұлова мен Петр Утюпин туризм саласындағы ынтымақтастықты да талқылады. Бірқатар өзекті мәселе, соның ішінде ТМД және ЮНВТО сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл жайы қозғалды.

«Өткен жылы ТМД атқарушы комитетімен бірлесіп, онлайн форматта ТМД-ға мүше елдердің туризм жөніндегі кеңесінің 40-шы отырысы өтіп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің туризм саласындағы 2021-2030 жылдарға арналған ынтымақтастығын дамыту стратегиясы қолдау тапты. Екі тараптың өткізілетін іс-шараларға қатысуы өзара іс-қимылға жаңа серпін беретініне, мәдениет, спорт және туризм саласында байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға ықпал ететініне сенімдімін»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Кездесуді қорытындылай келе, Петр Утюпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь Республикасына ресми іс-сапармен келетініне үміт білдіріп, Беларусьтің мәдениет күндері Қазақстанда соңғы рет 2014 жылы өткенін атап өтіп, алдағы көрме барысында ынтымақтастық жандана түсетініне сенімді екенін айтты.

Сонымен қатар Беларусь және Қазақстан кинематографистер ынтымақтастығының жемісті болғанын атап өтіп, аталған әріптестікті музей ісі бағытында да жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

  • 29.04.2021
  • 284
Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика