• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова Омар Абдул Раззакпен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстандағы Мальдив Республикасының Елшісі қызметін қоса атқарушы Омар Абдул Раззакпен кездесті.

Министр Абдул Раззак мырзаны Қазақстандағы Мальдив Республикасының Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде тағайындалуымен құттықтай келе, Министрлік мəдениет жəне спорттан бөлек еліміздегі туризм саласына да жауапты екенін жеткізіп, коронавирус пандемиясына қарамастан Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты, туризм саласындағы байланысты нығайтып, жандандыру жолында нақты шараларды жүзеге асырып жатқаны үшін алғыс айтты.

«Өзіңіз білесіз, былтыр 5 желтоқсанда Алматы - Мале бағытында тікелей рейс ашылды. Бүгінде екі ел арасында аптасына 3 рейс қызмет көрсетеді (2-еуі Air Astana, 1-еуі Scat). Тікелей рейстердің ашылуы туризм саласына оң ықпал етті. Мәселен, пандемияға қарамастан өткен жылы 4 мыңға жуық отанымыз Мальдив Республикасына барса, биыл жыл басынан бері бұл көрсеткіш 15 мыңға жетті.

Мальдив Республикасының аумағында Қазақстан азаматтары туристік ваучермен визасыз 30 күн жүре алады. Қазір Мəдениет жəне спорт министрлігі визасыз мемлекеттер тізімін кеңейту жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл қатарда Мальдив Республикасы да бар. Біздің елімізде əр маусымға арналған демалыс орындарының бар екенін ескерсек, аталған шара Мальдивтен Қазақстанға келетін туристер санының артуына оң ықпал етеді деп сенеміз»,-деді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Мальдив Республикасының эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы шетел азаматтарының елге келуін қамтамасыз ету тəжірибесі көпке үлгі екенін атап өтті.

«Қазір Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, биыл 20 наурыздан бастап қалыптастырылатын турпакеттер құрамына міндетті ПТР-тестілеуден өту енгізілді. Бұл ПТР-тест нәтижесіз келу және коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың елге келу жағдайының төмендеуіне айтарлықтай әсер етті.

Жоғарыда аталған шаралармен қатар біз туристік инфрақұрылымды дамыту және туристік кластерлер құруда табысты тәжірибесі бар тиісті инвесторларды қолдау жөнінде шаралар қабылдап жатырмыз. Мысалы, осы мақсатта Қазақстанда заңнамалық деңгейде шет елдерден инвестиция тарту үшін мынадай шаралар көзделіп отыр.
- туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде преференциялар беру (салықтық және кедендік);
- тау шаңғысы жабдықтарын сатып алу және туристік объектілер салу бойынша жеке бизнестің шығындарын өтеу (10%).

Бұл преференциялар мен мемлекеттік қолдаудың басқа да құралдары Мальдив Республикасының инвесторларын қызықтырып, екі ел арасындағы бизнес байланысты жандандыра түсуге серпін береді деп сенемін. Біз Мальдив тарапын туристік қызмет саласындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз»,-деп айтты.

Сөз соңында министр осы қиын-қыстау кезеңді бірге еңсеретінімізге сенім білдіріп, Елші мырзаның қызметіне сəттілік тіледі.

Біздің анықтама: Мəдениет жəне спорт министрлігі кеңейтілген визасыз мемлекеттер ұсынысының тізімінде 17 ел бар. Олар: Йордания, Черногория, Сейшел аралдары, Ямайка, Бруней, Андорра, Макао, Куба, Македония, Мальдив Республикасы, Парагвай, Перу, Сан-Марино, Фарер аралдары, Аруба, Багам аралдары, Тринидад пен Тобаго. Тізім ҚР ІІМ мен ҰҚК тарапынан қолдау тапты. Сыртқы істер министрлігінің жауабы енді белгілі болады.

  • 29.04.2021
  • 279
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика