• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ИГІЛІК БАСЫ – ЫНТЫМАҚ

Құрметті жетісулықтар!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Ауызбіршілік – қашанда елдігіміздің өлшемі, мемлекетіміздің алтын қазығы, халықтың күш-қуатының қайнары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылында іргесі сөгілмей, татулығына сызат түсірмей, байтақ елінің бірлігін бекемдеп, бүгінгі жаңа дәуірге жетті.

Әуелден-ақ ядролық қарудан бас тартып, бейбітшілікке бастамашы болған, түрлі діни конфессиялардың басын қосып, диалогқа шақырған, Ассамблея құрып, жүзі басқа жүрегі бір азаматтарды ортақ мақсатқа жұмылдырған біздің Отанымызда ынтымақ мерекесінің мәні бөлек, орны ерекше болуы заңды. Күні кеше ғана өткен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Табысты реформаларымыздың мызғымас тұғыры – халқымыздың бірлігі. Ал еліміздің бірегейлігі – әр алуан ұлт пен ұлыстың жарасымды татулығы», - деген болатын.

Расында да жүзден астам этносқа құтты қоныс болған Жетісу өңірі татулықты ту етіп, ортақ шаңырақ аясында елдің тұтастығы мен тыныштығына, өсуі мен өрлеуіне үлес қосып келеді. Індеттің таралуына байланысты туындаған қиындықтар бізді жасыта алған жоқ, қайта шыңдап, бірлігімізді одан әрі нығайта түсті. «Игілік басы – ынтымақ, ынтымақ басы - күншуақ» деген сөз осындайда айтылса керек.

Құрметті жерлестер!

Берекелі ғұмыр кешіп, биік белестерге, асқар асуларға жете берейік. Көктемнің мерекелі күнінде баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін! Отбасыларыңыз аман, күндеріңіз шуақты, еңбектеріңіз жемісті болсын!

  • 30.04.2021
  • 289
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика