• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әулиеағаш ауылында бес ұлттың баласын бауырына басқан отбасы тұрады

Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Әулиеағаш ауылында тұратын Қойбағаровтар - 14 бала өсіріп жеткізген отбасы. Өзінің 7 баласымен бірге қазақ, ұйғыр, неміс, кәріс, орыс ұлты өкілдерінің балаларын бауырына басқан Сәбит Қойбағаровты өңірде ерекше құрметтейді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Панфилов аудандық әкімдігінің берген мәліметі бойынша, Сәбит Қойбағаровтың өзі де көп балалы отбасында өскен. Бүгінде жұбайы Аманхан Байбураева екеуі 14 баланы ер жеткізіп, немере сүйіп отыр. Қазір үлкен балалары медицина саласында, мал шаруашылында еңбек етуде. Әкелерінің ісін жалғастырып, мал өсіріп, қымыз, ет сатумен айналысады. Осы шаңырақтан мейірім тапқан балалардың алды 27-ге толса, арты 21 жаста.

Жүрегі кең азамат балаларды алаламай, барлығына бірдей қарауды және ақылмен тәрбиелеу қасиетін өз әкесінен сіңіргенін айтады. «Бала күнімде әкеммен егістік басында жүргенде балалар үйінің балаларын көрдім. Сонда әкем әрдайым мүндай балаларға қамқор болу керектігін айтатын. Сол ақылы күні бүгінге дейін жадымда. Ең алғаш 2009-шы жылы кәріс ұлтының баласын асырап алдым. Өз баламдай көріп, тәрбиелеп, барлығын үйреттім. Қазір Алматыда еңбекке араласты. Негізінен жұмыстың қыр-сырын үйретіп, жақсы тәрбиелесең өздері өмір сүріп кетеді. Кейін, неміс, ұйғыр, орыс, қазақ балаларын бауырыма бастым. Өз балаларыммен бірге тұрып, бірге еңбек етуде. Үл-ұыздарымды қазақы дәстүрге сай тәрбиеледім. Ең бірінші осы балаларға қарап өзіңді тәрбиелейді екенсің. Содан кейін балаларды тәрбиелейсің"- дейді қайырымды азамат С.Қойбағаров.

Бұл отбасының көршілері пейілі дархан отбасы өмірдің қиын жағдайында қалған азаматтарға қол ұшын созып, үйлеріне паналатып, жағдайын түзеуге қолдан келген көмегін беріп, қатарға қосып жіберген сәттердің көп болғанын айтады.

Сәбит Қойбағаров темірден түйін түйетін ұсталыққа да үйір. Ауласына темірден түрлі бұйым, мүсіндер, тұрмысқа қажетті дүниелер жасап қойған. Тіпті отбасылық шағын мұражайлары да бар.

«Иә, біз әртүрліміз, әр ұлттың өз ерекшелігі бар, бірақ біз бір шаңырақ астында ортақ Отанымыз - тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп келеміз. Сондықтан біздің тілек-мақсатымыз бір деп білемін. Барша халықты бірлік мерекесімен құттықтаймын. Әр шаңырақта шаттық, молшылық, береке болсын», - деді С.Қойбағаров өзінің ізгі тілегін жеткізіп.

Панфилов аудандық әкімдігінің хабарлауынша, Қойбағаровтар отбасы - өңірдегі үлгілі шаңырақ. Мал шаруашылығының дамуына атсалысып, қайырымдылық шараларымен де белсенді айналысады. Індет өршіген шақта бейжай қалмай, жерлестерінің денсаулығын нығайтуға ықпал ету мақсатында қымызды тегін таратыпты.

  • 04.05.2021
  • 272
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика