• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - А.Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Киелі табиғат» республикалық жастар акциясының ашылу рәсіміне қатысты. Жобаға еліміздің барлық аймақтарынан жастар ұйымдарының өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бағында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен өткен ацияның басталу рәсіміне «Жас Ұлан», «Жасыл Ел» жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ астананың білім беру мекемелерінің жас белсенділері қатысты.

Қатысушыларға арналған сөзінде Аида Балаева: "Халқымыз үшін «тазалық» деген – киелі ұғым. Табиғатты аялау мен құрметтеу – халқымыздың қанында бар қасиет. Ата-бабаларымыз жас ұрпақты да «Бұлақтың көзін аш», «Көк шыбықты сындырма», «Өзенді ластама» деп өсірген. Алдыңғы буын үлкендеріміз – біздің үнемі осылай тазалыққа тәрбиеледі. Енді осы жақсы дәстүр сабақтастығын үзіп алмай, біз де әрі қарай жалғауымыз қажет деп санаймын", — деді.

Оның айтуынша болашақ ұрпақтың қалпы бүгін қоршаған ортаға қаншалықты ұқыпты қарап отырғанымызға байланысты екендігіне, сондықтан экологиялық сауат ашу - жаңа ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі болып табылады. Министр табиғатқа деген қамқорлық қасиеттерді «Киелі Табиғат» секілді экологиялық акцияларда көрсетуге болады деп сенеді.

«Экологиялық ағарту жұмыстарына «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының 30 мыңнан астам мүшелері тартылатын болады. Бүгінгі акция арқылы Қазақстан жастарын табиғатты аялауға, оны таза ұстауға шақырамын!», — деді А.Балаева.

Атап айтсақ, 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады. Оның аясында барлық өңірде жастардың қатысуымен – өзен арналарын тазарту, аулаларды тазалау, ағаш егіп, гүл отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен бірге, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпаққа экологиялық білім берудің тиімді әдістерін жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жастар форумында А.Балаева БҰҰ елдерінің жастарын «Таза планета» атты акциясын осы жылы іске асыруға шақырғанын еске саламыз. Бүгінгі «Киелі Табиғат» іс-шарасында министр «Таза планета» акциясы миллиондаған серіктестерді тартады деген үмітін білдірді.

«Киелі Табиғат» жобасы аясында барлық аймақтарда эко-қозғалыстар құрылып, жастар арасында экологиялық мәдениет құндылықтарын насихаттау жоспарлануда. «Киелі Табиғат» ұйымдастырушылары жас қазақстандықтар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру сүйемелдеумен практикалық жұмыстарды жүргізеді.

Әлеуметтанулық зерттеулер қазіргі кезде экологиялық мәдениет пен экотренд қазақстандық жастардың TOП-5 құндылық критерилеріне кіріп отырғандығын көрсетіп тұр.

«Киелі Табиғат» жобасы осы оң тенденцияны нығайтуды және дамытуды көздейді.

  • 05.05.2021
  • 352
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика