• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сарыөзек-Көктал жолының жүк көліктері зақымдаған бөлігі жөнделеді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов республикалық маңыздағы Сарыөзек-Көктал жолының жаңдайы туралы шұғыл жиын өткізді. Жауапты адамдарға жағдайды түзеу үшін бір апта уақыт берілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, Сарыөзек кентіне жақын жерден цемент зауыты ашылғаннан кейін салмағы ауыр көліктер күн сайын Сарыөзек-Көктал жолының 68 км учаскесін жүріп өтеді, бұл тек бір бағыты ғана. Күнделікті шамамен 10-нан астам самосвал ары-бері жүріп өтеді. Карьер қызметкерлерінің айтуынша, жүк тасымалдаушылар күніне үш рейс жасайды. Жергілікті тұрғындар да, Кербұлақ ауданының басшылығы да жолдың бұзылуына жүк көліктері себепші болғандығын айтады. 

«Мен Қоғалы ауылында тұрамын. Осы жолмен жиі қатынаймын. Ары-бері жүріп өткен сайын шаршаймын. Көлігімнің ходовкасын 2-3 ай сайын ауыстырып тұруға тура келеді. Асфальттің осындай күйге түсуіне цемент зауытының жүк көліктері кінәлі. Олар тиеліп алып күнде жүреді осы жерлерден. Асфальтты әбден отырғызып тастады», - дейді жергілікті автокөлік иелерінің бірі. 

Мамандар да осындай пікірде. Олар жоба бойынша бұл учаске шамамен 8 тоннадан аспайтын жүктемесі бар көліктерге арналғанын айтады. Алайда бұл жерлермен күнделікті салмағы 50 тонналық көліктер тиеліп өтеді. Бұл жолдың тез бұзылуына әкеп соқтырады. 

Қалыптасқан жағдайға облыс әкімі Амандық Баталов наразылығын білдірді. Өңір басшысы жедел жиын өткізіп, зауыт басшылығының жауап беруін талап етті. Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігіне немқұрайды қарауға жол бермейтінін, сондықтан жағдайды жылдам түзетуді талап ететінін айтты. Барлық уәкілетті тұлғаларға қатаң ескерту жасады. Жергілікті жердегі жауаптыларға Амандық Баталов жаңдайды бақылауда ұстауды, осы аптаның соңында мерекелік демалыстарға дейін қабылданған шаралар туралы есеп беруді тапсырды: 

«Жолдың зақымданған бөліктерінің бәрін жедел қалпына келтіріңдер, адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдай болмауы керек. Жасалған нәрсені бұзуға ешкімнің де құқығы жоқ, талап сондай! Жап-жақсы болды қалай сондай жағдайға жеткізуге болады! Сол учаскеде қазір мүлдем асфальт жоқ, әсіресе Алтынемел асуында, ал бұл ең қауіпті учаске! Бір апта уақыт беремін! Осы уақыт аралығында бәрін қалпына келтіріңдер», - деді Амандық Баталов.

"ҚазАвтоЖол" АҚ облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Мерей Шахарбаевтың айтуынша, орын алған мәселені шешу үшін осы мекеме, "КазАвтоЖол" ЖШС  және "Алацем" цемент зауытының арасында үш жақты келісім жасалғанын, соның аясында бірлесіп қысқа мерзім ішінде жолдың зақымданған 0-68 км аумағына жөндеу жүргізіледі. 

- Осы тапсырманы орындау үшін біз жолдың бөлігін қалпына келтіреміз, тұрғындар жол қатынасында енді қиындық көрмейді, - деді М.Шахарбаев.

  • 06.05.2021
  • 291
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика