• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Амандық Баталов: «Қаланы жақсартуды жалғастыруымыз керек»

Өткен бейсенбіде облыс әкімі Амандық Баталовқа облыс орталығының одан әрі даму жобасы таныстырылды. Жобада Талдықорғанда жуырда жаңа әлеуметтік нысандар, тұрғын үй кешендері, скверлер мен заманауи сәулеттік пішіндер пайда болатыны туралы айтылды. Қаланың кіреберіс бөлігі де реконструкцияланады, көп қабатты үйлердің қасбеттерін жаңартудың дизайн-кодтары дайындалуда, қаланың бірқатар шағын аудандарында көше жарықтары ауыстырылады. Бұл ретте қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау бірінші кезекте ескерілген. Амандық Баталов: «Осының бәрі тұрғындар үшін жасалып жатыр. Біз қаланың жақсара түскенін қалаймыз», - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, сәулеттік жобаларды таныстыру кезінде «Nova City» компаниясының өкілдері жаңа урбанизм стилінде салынатын 1200 пәтерлік жаңа тұрғын үй кешенінің жобасы жайлы баяндады. Құрылыс 2 кезекте салынады. Құрылыс биылғы жылдың маусым айында басталған жағдайда 1-кезегі 2022 жылдың желтоқсан айында, ал екіншісі 2024 жылдың маусым айында аяқталатын болады. Кешенде ауласы тыныш және шулы болып бөлінетін 16 қабатты және түрлі қабатты үйлер салынады, яғни спорт алаңдары, алаңсыз серуендейтін орындар мен белсенді демалыс орындары болады. Ғимараттың бірінші қабатының алаңыда әлеуметтік нысандар, дүкендер мен кафетерилер орналастыру жоспарланған. Бұл жоба облыс әкімі тарапынан қолдау тапты. «Өмір сүруге қолайлы барлық жағдай жасалған осындай заманауи тұрғын үй кешендері бізге өте керек», - деді А.Баталов.

Өңір басшысы коттедж қалашығын жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту жобасын да мақұлдады.

«Salman» компаниясы өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде коттеджд қалашығында 891 қарапайым көше жарықтары қойылған, соған қарамастан жарықтандыру жеткіліксіз. Сыртқы жарықтандыруды басқарудың ақылды жүйесі реконструкцияланып, енгізілгеннен кейін жарық шамдарының саны 537-ге дейін қысқарады, бұл ретте жарықтандыру сапасы жақсарып, электр энергиясын тұтыну көлемі 50 процентке дейін азаяды.

«Бұл керекті жобаны іске асыруды бастаңыздар, содан кейін қажет жерлерде көше жарықтарын реконструкциялауға қатысты басқа да жобалар бойынша қала әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырыңыздар. Бізді сәулеттік жарықтандыру жобалары да қызықтырады», - деді облыс әкімі.

Амандық Баталов тұрғын үйлердің қасбеттерін қайта жаңғыртудың маңыздылығын да атап өтті, дегенмен бұл жұмыс үйдің қазіргі сәулеттік келбеті мен ондағы түрлі қосалқы құрылыс нысандарын ескере отырып жүргізілуі тиіс: «Мәселен, Талғар қаласында блокты-модульді қазандықтар салған кезде көп қабатты үйлердің ауласын да қоса абаттандырдық. Енді шатырларын жөндеп, қасбеттерін қалпына келтіріп жатырмыз. Бәрін ретке келтіреміз. Бұл жоба үлгі ретінде ұсынылып отыр. Облыс орталығында да осындай жұмыстар атқарылуы керек», - деді Амандық Баталов.

Белгілі сәулетші және құюшы Мирлан Азмағанбетов өзінің бірқатар шығармашылық жобаларын ұсынды. Олардың қатарында жаңа субұрқақ, түйелі көш керуен, түрлі шағын сәулеттік формалар бар. Облыс әкімі түйелі керуенді «айналма жол» ауданындағы жолға таяу, жаңадан салынып жатқан олимпиадалық бассейн маңына қоюды тапсырды.

Сол сияқты жиын барысында облыс әкімі заманауи жәрмеңке павильоны жобасының құрылысын да қуаттап, оның құрылысына инвестор табуды тапсырды. Қаланың орталығындағы музыка мектебі мен оның қасбетін жөндеу де жоспарда бар. Індетпен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіштің жобасы да талқыланды. Ескерткіш инфекциялық аурухананың алдына орнатылмақ. Жаңа балабақша, спорт кешені құрылыстарының, медициналық колледж жапсаржайының жобалары таныстырылып, солардың әрқайсысына Амандық Баталов өз ескертпелерін айтып, толықтыру енгізуді және қайта бекітуге ұсынуды тапсырды.

Барлық таныстырылған жобалар облыс орталығының сәулеттік келбетін жақсартуға және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл ретте сәулетшілер мен дизайнерлердің пікірі бір жерден шығып отыр, олар қаланы Жетісудың ерекшеліктерін бейнелейтін арт-нысандар ажарландыруы тиіс деп есептейді. Мұндай сәулеттік нысандар қатарында сарқырама түріндегі субұрқақ, заманауи материалдардан жасалған алып қызғалдақтар, ең бастысы отырғызылатын көк өскіндер, жеміс-жидек ағаштары бар.

«Қаланы көрікті, қолайлы қала жасауды жалғастыра беруіміз керек», - деді Амандық Баталов.

  • 11.05.2021
  • 243
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика