• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

9 Мамыр күні, Талдықорған қаласында облыс әкімі Амандық Баталов соғыс ардагерлері Михаил Баранов пен Қаңтарбай Сәрсенбайдың шаңырағына барып, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар тапсырды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Баранов Михаил Васильевич 1941 жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылып, 1947 жылы әскерден қайтты. Ардагер І дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен, көптеген әскери және мерейтойлық медальдармен марапатталды. 

"Михаил Васильевич, Сізді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіз қандай құрметке де лайықсыз. Сіз сияқты жауынгерлер Жеңісті жақындатып, бейбіт өмірді қамтамасыз етті. Сізді аман-есен көру - біз үшін қуаныш. 100 жасқа келген мерейтойыңызды қарсы алуыңызға тілекшімін, - деді Амандық Баталов.

"Құрмет көрсеткендерің үшін үлкен рахмет. Мен өте қуаныштымын. Бүгін бәріміз үшін айтулы мереке", - деді биыл 98 жасқа келетін ардагер алғысын білдіріп. 

Михаил Васильевич бұрын әңгімелеген әскери оқиғалар жайлы ардагердің қызы айтып берді, оның майдандағы фотосуреттерін көрсетті. 

Мұнан соң Амандық Баталов соғыс ардагері Қаңтарбай Сәрсенбайдың шаңырағына барды. 

«7 мамырда 97 жасқа толдым. Соғыс жылдарында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлымен бір гвардияда болдым. Ол кезде мен Жеңістің 76 жылдығын көремін деп ойлаған да жоқ едім. Бүгінде балаларымды өсіріп-жеткіздім, қазір 25 немерем мен 45 шөберем бар. Жастар, Отанды қорғауға әрдайым дайын болыңдар, туған елді сүйіңдер, патриоты болыңдар. Қазір біз жақсы кезде өмір сүріп жатырмыз. Елбасына, Президентімізге біз сияқты ардагерлерге көрсетіп отырған қамқорлықтары үшін  шын жүректен ризамыз. Ең бастысы бәріңізге мықты денсаулық тілеймін. Мереке құтты болсын!» - деді ардагер. 

«Облыста сіз сияқты 41 ардагер бар. Сізбен бір дәуірде өмір сүргеніміз біз үшін мақтаныш. Ең бастысы, ауырмаңыз. Біз сіздің 100 жасқа келген мерейтойыңызды тойлаймыз әлі. 9 Мамыр мерекесімен тағы бір мәрте құттықтаймын. Жеңісті әпергендеріңіз үшін сіздерге зор алғыс айтамыз, барша ардагерлердің алдында басымызды иеміз», - деді Амандық Баталов.

Еске салсақ, Қаңтарбай Сәрсенбай майданға 18 жасында 1942 жылы кетті. Майдандағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордендерімен наградталды. 

Мерекелік құттықтаулар шеңберінде ардагерлердің құрметіне әскери оркестр "День победы" және "Прощание славянки"  марштарын орындап берді. Михаил Васильевич пен Қаңтарбай Сәрсенбайды жас кадеттер де құттықтады. 

Еске салсақ, Жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысқан Алматы облысындағы 41 ардагер мен ҰОС мүгедектеріне бір миллион теңгеден бір реттік төлемақы беріледі. Сонымен қатар төлемдер Жеңіске үлес қосқан 15 санаттағы азаматтарға да қарастырылған. Осы санаттағыларға бір реттік материалдық көмекке жалпы сомасы 328,2 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 8718 адам қамтылмақ. 

  • 11.05.2021
  • 243
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика