• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Оңалбаева Л.Е.
Оңалбаева Л.Е.

«Кербұлақ жұлдызы» ЖШС директор-бас редакторы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Апат айтып келмейді

 

1986жылы 26 сәуірде дәл осыдан 35 жыл бұрын , Украинаның Чернобыль қаласындағы атом стансасының төртінші электр блогында жарылыс болып , ауаға тараған  радионуклид йоды мен цезидің таралуы 30 шақырымға дейін жерді апатты аймақ алып жатты . Оған сол кездегі КСРО құрамына кіретін 15 республикадан әскерилер мен партизандық қызметке қосымша күштер тартылды . Олардың ішінде қазақстандық азаматтар да бар еді . Кербұлақ ауданынан осы мылтықсыз майданға 34 жігіт аттанған болатын . 26 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып , Чернобль апатына қатысқан аудан азаматтарымен жиын өткізді . Жиын басталмас бұрын « Өлі риза болмай , тірі байымайды » Жиынға қатысушылар орналасқан дегендей , « Ұлы даланың - ұлы даралары » атты саябақта Чернобыль апатында қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын койып, тағзым етті.

 

   Тәуелсіздік халқымыздың тартқан тауқыметі аз емес . Соның бірі талай жылдардан көп халықтың жүрегіне жара бері салған Чернобль апаты » деген аудан әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Чернобль апаты туралы айтып өтіп , сол жылы өзінің Осы Кербұлақ ауданында Комсомол ұйымында қызмет еткенін , ауданнан талай жастарды өзі шығарып салғанын баян етті . « Мылтықсыз майданның зардабын ол кезде түсінген де , білген де жоқпыз » , деген ол , Чернобль апатына қатысқан азаматтарға жақсылықтар тілей отырып , алғысын білдірді . Арнайы Сыйлықтарын тапсырды . Кербұлақ аудандық мәслихат хатшысы аудандық мәслихаттың депутаты Бекиев Қайрат Ботайұлы , Дарын  мемлекеттік жастар  сыйлығының лауреаты ,  әскери жазушы Марат Жүнiс - бек , аудандық « Чернобль » қоғамдық ұйымының төрағасы Рахимов Жұмаділ сөз алып , жиналған қауымды бүгінгі мерекемен құттықтады . Чернобль апатының ардагері Рахимов Жұмаділ : - 2016 жылы Чернобль апатына қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткіш орнатылды . Осы бастаманы негізі Ерболатов Мәмит бастаған болатын . Кездесе қалған , жерде « Жігіттер , қаза тапқандарға ескерткіш қоялықшы » деп айтып жүретін . Ол қайтыс болып кеткеннен кейін , марқұмның ескерткіш орнату туралы айтқан ұсынысы қайта - қайта есіме түсе берді . Содан ескерткіш орнатуды Қолға алдық . Көмек қолын созған баршаңызға алғысымды білдіремін , - деген ол бір сәт майдандасын еске алды .

 

Алайда соған қарамастан осы оқиға туралы біраз кітап жаздым . Ондағы мақсат жастар білсін , шындықтың беті ашылсын деген ойдан туған еді . Жазып келдім , жаза да беремін . Бүгінде апатқа қатысқаннан тірі қалған 4,5 мыңның 3,5 мыңы мүгедектер санатында . Осыдан - ақ зардаптың қаншалықты ауыр екенін көруге болады . Патриоттық тәрбие беретін , бір уақыт басыңды иіп тағзым ететін ескерткіштер керек - ақ . Ол біздерден бұрын жастарымызға керек дей отырып , жиынды ұйымдастырған басшыларға азаматтық алғысын білдірді . Биыл Чернобыль апатына 35 жыл толып отыр . Ауданымызда жыл сайын Чернобыль апатына қатысқан және қаза тапқан жауынгерлерді еске алып , сол апаттан аман - есен елге қайтып келген және егемен елімізде өмір сүріп жатқан ардақты ардагерлерімізбен жиын өтеді . Өскелең жеткіншектерге Отанды сүюді насихаттап , елдіктің қадірін білуге үндеп , өскелең ұрпаққа өнеге - үлгі болып жүрген азаматтар саны өкінішке орай жыл өткен сайын кемуде , азайып барады . Небәрі 20-21 жастарында туған жері мен елінің абыройын асқақтатқан жерлестеріміздің ерен ерліктері , олардың есімдері ұмытылмақ емес .Бүгінгі жиын соның айғағы.

 

Ләйлә Ескендірқызы

  • 11.05.2021
  • 332
Оңалбаева Л.Е.

«Кербұлақ жұлдызы» ЖШС директор-бас редакторы

Оңалбаева Л.Е.

«Кербұлақ жұлдызы» ЖШС директор-бас редакторы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика