- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Соңғы тәулікте коронавирусты 125 адамның жұқтырғаны расталды
11.05.21 жылғы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 23 290 дерегі тіркелді.
Соңғы тәулікте 125 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,5%.
Соның ішінде Талдықорғанда - 38, Талғар ауданында - 21, Еңбекшіқазақ ауданында - 17, Қарасай және Қаратал аудандарында - 10-нан, Ескелді және Панфилов аудандарында - 8-ден, Жамбыл ауданында - 5, Іле және Ұйғыр аудандарында 4 жағдайдан тіркелді.
Олармен 294 адам байланыста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 4013 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте - 18, соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында (7) және Талдықорған қаласында (11). Олармен байланыста болған 41 адам үй карантиніне медбақылауға алынған.
11.05.21 жылғы мәлімет бойынша ПЦР тәсілімен 630865 адам зертханалық тексеруден өткен, соның ішінде соңғы 3 күнде - 5052.
Барлығы 2315 адам ем қабылдауда, соның 48-інің халі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 176 адам түсті. 116 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орынның толымдылығы - 48,2%.
Сол сияқты өткен тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясымен ауырған 274 адам жазылды.
- 11.05.2021
- 242