• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова «Рухани қазына – 2021» фестиваліне қатысушыларға сәттілік тіледі

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Рухани қазына – 2021» фестивалінің қатысушыларын байқаудың басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

«Құрметті «Рухани қазына – 2021» фестивалінің қатысушылары!

Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдан бері 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» республикалық фестивалін өткізіп келеді.

«Рухани қазына» республикалық байқауының аясында үздік мемлекеттік музей (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік кітапхана (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мәдени-демалыс ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар) мен осы мәдениет ұйымдарының үздік қызметкерлері анықталады.

Атап өтерлігі, 2018-2020 жылдары байқауға еліміздің 17 өңірінен 573 өтінім келіп түскен, оның ішінде 20 номинация бойынша байқауға қатысқан 83 мәдениет ұйымдары мен қызметкерлері «үздік» деп танылған (2018 жылы – 14, 2019 жылы – 18, 2020 жылы – 51).

Биылғы жылы аталған Фестивальге қатысу үшін еліміздің 15 өңірінен 313 өтінім, соның ішінде, мемлекеттік музейлерден – 64, мемлекеттік мәдениет үйлері, клубтардан – 80, мемлекеттік кітапханалардан – 169 өтінім келіп түскен.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бері елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Рухани қазына» республикалық фестивалі онлайн форматта (Қазылар алқасы үшін – офлайн форматында, қатысушылар үшін – онлайн) өткізіліп келеді.

Кезекті рет өткізіліп отырған байқаудың басты ерекшелігі – Фестивальдің ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстанның мәдени астанасы – 2021» анықталады.

Ағымдағы жылғы 18-21 мамыр күндері салтанатты марапаттау рәсімі, шетелдік сарапшының қатысуымен шеберлік сыныптары секілді Фестивальдің бірқатар шаралары Көкшетау қаласында өткізіледі.

Фестиваль жыл санап мәдениет қызметкерлерін тұрақты дамытуға, өзін-өзі жетілдіруіне, креативті ойлау қабілетін дамытуға және тәжірибе алмасуға шабыттандырып келеді деп сенемін.

Фестиваль әрбір қатысушының үмітін ақтасын. Осы бір қызықты іс-шараға артып отырған үкілі үміттеріңіз ақталып, жинақталған тәжірибе Сіздердің қызметтегі кәделеріңізге жарасын.

Байқауға қатысушылар әрдайым көп, ал «үздіктерді» білікті қазылар алқасы анықтайды, сондықтан барлық қатысушыларға сәттілік, ал мықтыларға жеңіс тілеймін!»,- деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

  • 12.05.2021
  • 390
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика