• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын сапалы орындау мәселесі қаралды

«Nur Otan» партиясының «2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын» сапалы орындау үшін арнайы дайындалған Жол картасында Алматы облысында 113 іс-шара жоспарланып, әлеуметтік-экономикалық басты салалардың бәрі қамтылған 24 индикаторға қол жеткізу көзделген. Жалпы аталған шараларға 2,6 трлн. теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін облыстық партия филиалының ХХVIIІ есеп беру-сайлау конференциясында облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталов атты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Конференцияда баяндама жасаған партия филиалының төрағасы партияның Алматы облыстық филиалының жұмысы, облыстың даму бағыттары Елбасының «Сенім. Диалог.Болашаққа нық қадам» - жаңғыру бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес жүргізіліп, әр салада үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті.  

Мәселен, 2020 жылы облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 1051 жобаны іске асыруға 105,6 млрд. теңге бөлінді, 20,9 мың жұмыс орны құрылды.  Оның ішінде 982 нысан бойынша тиісті жұмыстар аяқталды. 2021 жылы жергілікті бюджет есебінен 58 жобаның аяқталуы жоспарланған. Талдықорған қаласында 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, 7 дәрігерлік амбулатория және 34 мектеп салынып, 4 ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. 220 елді мекенде 487,7 км жолдары жөнделді, 60 ауылдың ауыз су сапасы жақсартылды. Бұл ауқымды шаралар «Nur Otan» партиясының «2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасында» жалғасын тапты.  Бағдарламаны сапалы орындау мақсатында, арнайы Жол картасында 113 іс-шара жоспарланып,  24 индикаторға қол жеткізу көзделген.  Жалпы аталған шараларға 2,6 трлн. теңге қарастырылған.  

Сол сияқты сайлауалды бағдарламаның «Экономикасы тұрақты өңір» бағыты бойынша 51 жоба іске асырылады. Инвестиция көлемі -  778 млрд. теңге, соның 5-еуі – Трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылмақ.

«Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағытында басымдық берілетін дақылдардың алқабын ұлғайту жалғасады. Ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру арқылы 67 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіледі. Мал бордақылау алаңдарын, тауарлы сүт фермаларын ашу, Қапшағайда және Еңбекшіқазақ ауданында көтерме-тарату орталықтарын салу сияқты шаралардың арқасында ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1,3 трлн. теңгеге жетіп, еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады.

- Қарабұлақ ауылындағы және Алакөл ауданындағы қант зауыттарын қалпына келтіруге талпыныс жасап жатырмыз. Өткен аптада мен осы мәселеге байланысты инвесторлармен, атап айтқанда Халық банкінің өкілдерімен сөйлестім. Олар осы іске қаржы салуға ынта білдіріп отыр. Қазір бұл мәселемен менің орынбасарым Серік Тұрдалиев пен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы айналысып жатыр. Бұл мәселе шешілсе, қант өндіру көлемін едәуір ұлғайта аламыз, - деді А. Баталов.

«Кәсіпкерлікті дамыту» бойынша шағын және орта бизнестің өңірлік жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 37,8% жеткізу көзделген. Осы межеге жету үшін «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 250 кәсіпкерге көмек көрсетіліп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам адамға микрокредиттер мен гранттар  беріледі.

- Туризмді дамытуға да қолдау жасап келеміз. Үшаралда әуежай, темір жол вокзалы салынды. Үшарал әуежайының ұшып-қону жолағын кеңейтіп, үлкен ұшақтар қона алатындай етіп, қайта жаңғыртуға біздің ұсынысымызбен республикалық бюджеттен 4,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл Алакөл көліне келетін туристер легін арттыруға зор ықпал ететін болады, - деді А. Баталов.

Ал таза ауыз су мен орталықтандырылған газбен қамту мақсатында Жол картасында сумен қамту, су тарату нысандарының құрылысы, жағалауды бекітуге арналған дамба қоршауларын орнату жұмыстары қарастырылып, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Кеген және Райымбек аудандарына қарай «Талдықорған-Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры тартылады.  

«Өмір сүру сапасын арттыру» шеңберінде 2021-2025 жылдары облыста 5,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, соның ішінде 1 млн. шаршы метрі «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынады. Сол сияқты «7-20-25» және басқа да бағдарламалардың үлесі зор.  

Жол сапасын жақсарту да - сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі.  Бұл бағытта 4 мың шақырымнан астам жол жөндеудің барлық түрімен қамтылып, соның есебінен 118 ауылдың жолы жақсарады.  Сол сияқты медициналық қызмет көрсету, білім беру салаларын да жетілдіру қарастырылған.

- 2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Коронавирус індеті көп мәселеге басқаша көзбен қарауды үйретті. Бұл мемлекеттің басты байлығы адам мен оның өмірі екенін тағы бір мәрте еске салды. «Біргеміз» республикалық акциясының аясында 44 471 жетісулыққа 2,2 млрд. теңгенің көмегі көрсетілді. Мұның ішінде бөлігі халықтың көмекке аса мұқтаж 7 санаты толық қамтылды, - деді А. Баталов.

Оның айтуынша, 2019-2020 жылғы жоспарға сәйкес облыс көлемінде партияның «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» және «Жастар Отанға» жобалары аясында 1,2 млн.  адамның қатысуымен 3 мыңға жуық  іс-шара ұйымдастырылды. Алматы облыстық мәслихат депутаттары, меценаттар, кәсіпкерлер Руслан Қожасбаев, Римма Салықова, Серік Ақсубаев, Закиржан Кузиев, Ерік Айдарбаев, Асқар Сүлейменов, Елдос Үшкемпіров тағы басқа депутаттар мұқтаж отбасыларына, көпбалалы аналарға тұрғын-үй алып беріп, қайырымдылық көмек көрсетіп, ауылдың дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Жиын соңында партия филиалының төрағасы 2021 жылдың екінші жарты жылдығында ауылдық округ әкімдерінің сайлау өтетінін атап өтті. Сондай-ақ партия ұйымы мен мүшелерінің алдына Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген нысандардың уақытылы және сапалы орындауды, тапсырды.

  • 13.05.2021
  • 243
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика