• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шағын несиенің шапағатын аз қамтылғандар мен көп балалы отбасылар да көріп отыр

Алматы облысында аз қамтылған және көп балалы отбасылар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына қатысып, шағын несиеге қол жеткізіп, өз ісін жүргізуге кірісуде. Мәселен, Көксу ауданының тұрғыны, алты баланың әкесі Жандос Қанабатыров бағдарламаның екінші бағыты бойынша мал шаруашылығымен айналысуға 4 млн. теңге алып, ірі қара өсіруге бел буды - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін шекара қызметінде әскери қызметте болған Ж.Қанабатыров қазір запастағы аға лейтенант. Қарап жатпай бала-шағасының ризығын арттырып, мал өсірсем деген отағасы мемлекет қолдауының арқасында 4 пайыз жеңілдетілген несиемен 14 ірі қара сатып алған. Қазір сиырдан алынған өнімдері - сүт, құрт, ірімшік, сары май, кілейгей, айран  Балпық би ауылында тұрақты саудаланады. Әзірге 1 адамды жұмысқа алған.

Жеке кәсіпкердің 5 ұл, 1 қызы бар. Балаларының алды ер жетсе, кішкентайы 3 айлық нәресте. Үлкендері әкесінің шаруашылығына көмектесуге жарап қалған.  

- Осындай бағдарламаға қатысуға болатыны, жеңілдіктер бар екенін басылым беттерінен оқып білдім. Сосын қатысып көру керек деп шештім. Жеңілдікпен алған шағын несиеме мал алып, іс бастап жатырмыз. Қазір, шүкір, мал қарауға, күтіп-баптауға ұлдарым көмектеседі. Алдағы уақытта трактор жүргізуші мамандығын оқып, сиырлардың жем-шөбін өзім әзірлесем деп ойлаймын. Оған қоса ірі қара тұқымын асылдандырып, бірте-бірте сүтті бағытты да қолға алу жоспарымда бар, - дейді Жандос Қанабатыров.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ақсу, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында осы санаттағы бірнеше отбасы мүшелері «Еңбек» бағдарламасы бойынша жеңілдіктерге қол жеткізіп, өз істерін бастады.

Жалпы 2020 жылы бағдарлама аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға шағын несие беру шарттары жеңілдетілген. Атап айтқанда, микрокредит алу мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды, микрокредит беру көлемі 6-дан 8 мың АЕК-ке дейін ұлғайды, бұл ретте номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан 4%-ға дейін төмендеді. Бұл мақсатқа облыста 2021 жылы бюджеттен 300 млн.теңге бөлінді.

Өткен төрт айда ауылдық жерлердегі тұрғындарға 66,4 млн. теңгеге 16 шағын несие берілді. Ал жалпы осы «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 17,8 млрд.теңге қарастырылған. 

  • 14.05.2021
  • 224
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика