- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Ұшуға шектеу қойылған аймақтардың үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталмыш өзгерістер қызмет көрсетушінің атауын нақтылауға, Мемлекеттік қызмет көрсету нысанына, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес келтіру мақсатында қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы өтініш беруді болдырмауға қатысты.
Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8789702.
- 18.05.2021
- 276