- Блогтар
- Оңалбаева Л.Е.
Оңалбаева Л.Е.
«Кербұлақ жұлдызы» ЖШС директор-бас редакторы
Мерекеңмен, медбике !
Адам өмірі үшін күресіп, ажалға араша болған, адам денсаулығына қауіп туғанда дер кезінде сейілте білген дәрігерлер қауымының ерен еңбегін, маңдай терін ескерусіз қалдыруға болмайды. Халық денсаулығының түзелуі, ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығының артқаны, дертке ұшыраған адамдарға күрделі операция жасап, екінші өмір сыйлағаны – денсаулық сақшыларының зор еңбегінің жемісі. Тәуелсіздік алып, ел еңсесін тіктей бастағанда барлық салалар дамып, орасан жетістіктерге жетіп, биіктерден көріне бастады. Денсаулық сақтау саласы да елеулі өзгерістерге ұшырап, елімізде жоғары медициналық технологияларымен қаруланған, тәлімі зор, тәжірибесі мол мамандар бар емханалар, ауруханалар ашылды12 мамыр Халықаралық медбикелер күні. Бұл күнді халықаралық деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген болатын. Араға 12 жыл салып, Халықаралық медбикелер күні ресми түрде аталып өтетін болды. Себебі бұл күн - медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі, танымал Флоренс Найтингелдің туған күні.Өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Әсіресе бүгінгі күні әлемде орын алған пандемия кезінде медбике мен мейіргерлердің еңбегін атап өтпеске болмас! Биылғы мейрамның ұраны - Медбикелер халықтың медициналық көмекке деген қолжетімділігін арттырып, әділдік үшін қызмет етеді!. Қазіргі таңда Қазақстанның медицина саласында 150 мыңнан астам медбике қызмет етеді.Медбикелер жұмысының қаншалықты ауыр әрі жауапты екенін осыдан-ақ байқауға болады. Ал жаһандық пандемия кезінде жалпы медицина қызметкерлеріне, соның ішінде медбикелерге салмақ көбірек түскені сөзсіз.“Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. “Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз
Медбике деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен
шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама.
Медбике болу үшін бейімділік, икемділік, қабілеттілік қасиеттері аздық етеді. Медбике сондай-ақ, науқас адамның сенімін ала білуі, ол адамды өзінің ауруымен күрестіре білуі маңызды. Сырқат жандарға күшін ғана емес, жүрегін дежұмсайбілуіқажет.Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің аман-саулығымызды бақылайтын ол әрине, ақ халатты абзал жандар. Бір қызығы, адам жанының арашасы болатын ең күрделі саланың басым бөлігін ару аналар құрайды. Бұл да бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдилеген әйелдер қауымының нәзік бола тұра, мықты екендіктерін көрсетсе керек.
Шығыс ойшылы Конфуций «Адамзатқа шапағат жасау - мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген. Осы философиялық тұжырым өз істеріне адалдық, ержүректік, қажырлылық танытып, өлімнен арашалаушы абзал жандарға қаратылып айтылса керек. Сөз басында аурухана басшысы Канатжан Абдырахманов « Өз іске асқан эауапкершіліупкн қарап, адам өмрін сақтап қалуда және денсаулығының жақсартуға жоғары деңгейде сапалы медициналық қызмет көрсетіп, күні түні талмай жұмыстарын атқарып журген медицина кызметкерлері қаншама?!Осындай жарқын жетістіктерге жеткен, үнемі ізденісте жүрген, халыққа лайықты медициналық жәрдем көрсеткен дәрігерлерге шексіз алғысымды, риясыз ризашылығымды білдіремін» деп,тілегін айтты. 12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне орай аудандық аурухана директоры К.Абдрахманов және орынбасарлары аяулы жандардың ерен еңбектеріне, шипалы алақандарына, мейірімді жүректеріне алғыс айтып, медицина саласында үздік танылған қызметкерінің облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы У.Ниязбековтың алғыс хатымен мараппаттады. Солардың бірі: Қартбаева Динара Сабитқызы перзетнхана бөлімінің акушері «Үздік бөлім мейірбикесі», Жексенбаева Шынар Жақанқызы тіркеу бөлімінің мейірбикесі «Үздік емхана мейірбикесі», Оспанова Бақыт Сағидоллақызы Байғазы МП фельдшері «Үздік амбулатория мейірбикесі».Сондай -ақ облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының басшысы А.Шалтабаевтың алғыс хатымен:Жұқпалы аурулар бөлмесінің мейірбикесі ҚАРАБҰЛАЕВА МЕРУЕРТ ЖАҚАТАЙҚЫЗЫ,Стоматология мейірбикесі ЖАНБОЛАТҚЫЗЫ АЛУА, Жұқпалы аурулар бөлімінің мейірбикесі ИСЕБАЕВА АЙГҮЛ мараппатталды. Сөз соңында «Мемлекет тарапынан көрсетіліп жата сый-құрметке медицина қызметкерлері атынан рахметімді айтамын! Осындай қиын жағдайда еңбек етіп жүрген жандарға сіздердің ерекше назар бөліп, қаржылық көмек беруіңіз болашаққа деген сенімділікті арттырып, жұмыс барысында күш – қуат береді. Мереке қарсаңында әріптестеріме зор денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін. Науқастардың сырқатынан айығып кетуіне сіңірген еңбектеріңіз зор. Жазылған адамдардың бақытты жүзін көріп, алғысын, батасын алуларыңызға тілектеспін! Біз біргеміз, Біз күштіміз! Біз Короновирусты
жұмыла жеңеміз!- дейді бас медбике Нурахмеьова Назгүл Садуақасқызы. Әсіресе бүгінгі күні әлемде орын алған пандемия кезінде медбике мен мейіргерлердің еңбегін атап өтпеске болмас! Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтаймыз. Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Аида Болатбекқызы
- 18.05.2021
- 390