• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Басқосуға Ақмола облысы əкімінің міндетін атқарушы Малғаждар Тəткеев, Ақмола облысы Мəдениет, архив жəне құжаттама басқармасының жетекшісі Айгүл Сəбитова, журналист, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, Ақан сері атындағы мəдениет колледждің директоры Құралай Ыдырысова, журналист, жазушы, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері Жібек Бағысова жəне бірқатар қоғам қайраткері мен азамат қатысты.

Сөз басында министр былтыр ұлт руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өткенімізді, биыл жыр алыбы Жамбыл бабамыз бен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мерейтойын ел болып атап өтіп жатқанымызды атап өтті.

«Осы мерекелі жыл аясында Ақан сері, үкілі Ыбырай мекен еткен киелі Көкше өңірі «Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» атанды.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында: «кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек»,- деп руханият саласы өкілдерінің рөліне ерекше ден қойып өткен еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарының күш-жігерін келешек ұрпақты тәрбиелеуге шақырды.

Осы сәтті пайдалана отырып, Өздеріңізді болашақ ұрпағымызға аманат етер төл өнеріміз бен мәдениетімізді жаңғырту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Министрлік осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін зиялы қауым өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға, пікірлеріне құлақ түруге дайын. Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған салалық көркемдік кеңестердің құрамында зиялы қауым өкілдерінің көбейгені жұмысымызды жүйелі жүргізуге қосар үлесі зор.

Биыл Министрлік Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланғаны белгілі. Мұндағы мақсатымыз жалпы кітап арқылы болашақ ұрпағымыздың тәрбиесіне үңіліп, кітап оқу мәдениетін арттыру. Осы орайда Сіздердің балалар әдебиетіне қатысты ұсыныстарыңызды қарастыруға дайынбыз.

Біз өз құзыретіміздің шегінде қоғамдастық тарапынан салаға қатысты айтылған ұсыныстарға жіті мән береміз. Мүмкіндігінше қолдау көрсетеміз»,-деді министр.

Зиялы қауым өкілдері жиын барысында бірқатар ұсыныстары мен жобалары жайлы айтты. Мəселен, Жабал Ерғалиев пен Серік Жетпісқалиевтің атсалысуымен іске асқан бірқатар жоба өңір тұрғындары арасында жоғары бағаға ие болғаны айтылды.

Айгүл Сəбитова коронавирус пандемиясына қармастан Үкіметтің мəдениет саласын қаржыландыруды тоқтатпағанына ризашылығын білдіріп, өнер ошақтары жұмысын уақытша тоқтатса да, Көкше өңіріндегі 47 мəдени нысан жөндеуден өткенін жеткізді.

Театр өнерінің ардагері Жібек Бағысова Министрлік жүзеге асырып келе жатқан жобалар мен іс-шаралар өңірдегі өнер ошақтары тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болып жатқанын айтты. Өз кезегінде Ақтоты Райымқұлова өңірдегі мəдени мекемелер арасындағы байланысты нығайту мақсатында бірлескен гастрольдер өткізуге шақырды.

Жиын соңында зиялы қауым өкілдері министрге жұмыс сапары үшін рақмет айтып, қызметіне сəттілік тіледі.

  • 19.05.2021
  • 277
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика