• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серіктес қалалардың құрылысы туралы мәселе талқыланды

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен G4 City серіктес қалаларының жобасына қатысты жиын өтті. Оған жобаның бастамашысы ретінде «Caspian Group» АҚ өкілдері, сол сияқты онлайн режимде сингапурлық «Surbana Jurong» компаниясының жобаға қатысты мамандары қатысты. Жиында серіктес қалалар құрылысының концепциясы таныстырылып, оны жүзеге асырудың нақты қадамдары талқыланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында алдымен облыс әкімі Амандық Баталов осы кездесуді өткізудің сәті түскеніне қуанышты екенін жеткізді.

- Бұл іргелі жоба Премьер-Министрдің ғана емес, Президенттің де басты назарына алынды. Осы жобаға қажетті инфрақұрылымдарға біз 38 млрд. теңге қаржы жұмсадық. Алайда бүгінге дейін оның іске асырылмай тоқтап тұрғаны көңіл құлазытқан еді. Бүгінгі кездесуде сіздердің презентацияларыңызды тыңдауға, жобаны іске асыру жайын талқылауға біз дайынбыз, - деді А. Баталов.

«Surbana Jurong» компаниясы жоба менеджерінің орынбасары Джоши Шрина жобаның презентациясын жасап, баяндап берді.

- G4 City жобасы – Ұлы Жібек жолының бойында орналасатын, Еуразия мен Азияны жалғастыратын ауқымды стратегиялық нүкте болады. Бұл Орта Азияның жаңа жауһарына айналатын іргелі жоба болғалы тұр. Жобаны іске асырудың 8 нақты қадамын белгіледік, - деді компания өкілі.

Д.Шринаның айтуынша, бұл жобада қала барлық жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын интеграцияланған қала, қаржылық-іскерлік орталық, әлемдік академиялық білім мен ғылыми медициналық орталық, индустриалды, сауда-логистикалық хаб, тартымды туристік нүкте, қолайлы өмір сүру аймағы, дамыған инфрақұрылымы бар, қауіпсіз әрі ақылды қала ретінде көрініс табады. Сингапурлықтар осыған байланысты стратегиялық ұсыныстар тізбесін әзірлеген. Олардың қатарында Визалық өңір ретінде либерализациялау, арнайы экономикалық аймақ мәртебесін беру, инвестициялық резиденция құру, валюталық бақылау, халықаралық әуежай салу сияқты бірқатар ұсыныстар бар.

Презентацияны мұқият тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов компания өкілдеріне ризашылығын білдіріп, әсіресе стратегиялық ұсыныстар әзірлегендерін қолдап-қуаттады.

- Әрине, концепция, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы емес. Дегенмен концепция - Үкіметке таныстырылым жасауға мүмкіндік беретін құжат. Үкіметтің тиісті шешім қабылдауына, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына бастайтын іргелі жобаның сәтті жүзеге асырылуына, біз, «Caspian Group» пен Алматы облысының әкімдігі де мүдделіміз, - деді Амандық Баталов.

Мұнан соң Gate City қаласы орналасатын аймақта аумағы 13 мың шаршы метр болатын 9 қабатты үш үйдің құрылысы басталып жатқаны айтылды. Құрылыс компаниясының өкілі Виктор Лидің айтуынша, жалпы аумағы 40 мың шаршы метр болатын 9 қабатты 10 үй салу жоспарланған. Әзірге соның үшеуінің құрылысы басталуда. Онда шамамен 1300-дей адам тұрады деп жоспарланған. Экскиздік жобада балалар ойын алаңдары, воркаут сияқты абаттандыру жұмыстарының бәрі қамтылған. В.Ли облыс басшысынан жылдың соңына қарай барлық инженерлік инфрақұрылымдарды тұрақты қосатын нүктелердің жұмысын жандандыруды сұрады.

Өз кезегінде Амандық Баталов бұл аумақта балабақша, мектеп, шағын дәрігерлік амбулатория сияқты әлеуметтік маңызды нысандардың жобасын да қатар әзірлеуді тапсырды. Сол сияқты тұрғындар қажетті керек-жарақтарын басқа жақтан іздемеп жүрмейтіндей, сауда нүктелеріне де тиісті орындар белгілеп қалдыру керектігін жеткізді. Инженерлік инфрақұрылымдарды іске қосу мәселесін тиісті сала басшыларымен талқылап, тиісті тапсырмалар берді. Ең бастысы, G4 City жобасында қозғалыс пайда болғаны қуантатынын, тиімді жүзеге асырылғанда оның облыс үшін ғана емес тұтас еліміз үшін үлкен экономикалық тартымды аймаққа айналатынын айтты. 

  • 19.05.2021
  • 274
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика