• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде кезекті кеңес өткізіп, тиісті тұлғалармен аймақтағы эпизоотиялық жағдайды сараладық.

Облыс әкімдігінде кезекті кеңес өткізіп, тиісті тұлғалармен аймақтағы эпизоотиялық жағдайды сараладық.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың хабарлауынша, өңірлерде мал аурулары бойынша ахуал тұрақты. Жоспар бойынша барлық аудандарда эпизоотияға қарсы шаралар жүргізілуде.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өңірлік инспекциясының басшысы Жандар Көекеев облыс бойынша 234391 бас ірі қара және 1154816 бас ұсақ мал тексерілгенін айтты.

Ағымдағы жылдың төрт айында 11 жамбылдық тұрғын бруцеллез жұқтырса, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес адамға аз.

Басқосуда мал өсірушілерге уақытылы ветеринариялық көмек көрсетуді, мал ауруларының алдын алу және диагностикалау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді талап еттім.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар қаңғыбас жануарларды ұстау мәселесі шешілмей отырғанына жиі шағымдануда десек, Ербол Жиенқұлов қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған үй-жай салуға қаржы қарастырылмағандықтан бірқатар қиындықтар туындап отырғанын тілге тиек етті. Ол бұл орайда осы мәселеге бей-жай қарай алмайтын тұрғындардың көмегі керектігін алға тартты.

Ветеринарлық қызмет – жергілікті атқарушы органдар жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі. Оның адамдардың денсаулығы, ауылдардың экономикалық әл – ауқатына әсерін ескеру маңызды.

  • 19.05.2021
  • 328
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика