- Блогтар
- Джувашев А.Б.
Джувашев А.Б.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2020 жылғы таза кірістен 849 млн.теңге көлемінде дивидендтер төлемін жүзеге асырды.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Корпорация) жалғыз акционері - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылғы 30 сәуірде 849 млн.теңге көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешімді бекітті, бұл корпорацияның 2020 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша таза кірістің 70%-ын құрайды.
2020 жылғы 12 маусымда Корпорация акцияларының 100% пакеті республикалық меншікке берілді, тиісінше Корпорация акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі.
Бұдан бұрынғы дивидендтер Корпорацияның жалғыз акционері - "ҚазАгро" холдингі" АҚ-қа төленген.
Дивидендтер 2021 жылғы 11 мамырда ақшалай қаражатты Республикалық бюджетке аудару арқылы жүргізілді.
- 19.05.2021
- 348