• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» жобаларының 82%-ы ауылдық жерлерде жүзеге асырылды

Пандемия кезеңінде «Жұмыспен қамту жол картасын» мерзімді іске асыру жұмыссыздықтың өсуіне жол бермей, Алматы облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басқа да мәселелерді шешті. Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» жобаларының 82%-ы ауылдық жерлерде жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А. Баталов «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысы туралы Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, 2021 жылға Алматы облысының қаржыландыру лимиті 31,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 13,1 млрд. теңге, шағын несиелендіруге - 2,0 млрд. теңге, агро-өнеркәсіп кешені жобаларын несиелендіруге - 14,3 млрд. теңге және бизнесті қолдауға 2,4 млрд. теңге қарастырылған.

Биылғы жылғы инфрақұрылымдық жобалар тұрақты жұмыс орындарын құра отырып 3 ауысымды оқытуды жоюға бағытталды. Бүгінде 1500 орындық 7 мектептің сметалық құжаттары дайындалды, жер телімі бөлінді. Конкурс аяқталып, құрылыс жүргізу үшін келісім-шарттар жасалды. «Жалын» лагеріне реконструкция жүргізу шарт жасасу сатысында. Облыс әкімі Үкіметтен құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаражат бөлуді жеделдетуді сұрады.

«Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде биылғы жылы 29 млрд. теңгеге
24 нысанды іске қосу жоспарланып отыр, оларда 1205 жұмыс орны ашылады. «Бәйтерек» Холдингінің жеңілдетілген несиелері жобаларды жүзеге асыруға жақсы қолдау болады. Мәселен, бүгінде 18,8 млрд. теңгеге 9 жоба қаралуда, оның ішінде 14,3 млрд. теңге «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы беріледі», - деді А.Баталов.

Шағын несие беру бағытында өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Жетісу» корпорациясы бірлесіп, микроқаржы ұйымын  құрды. Аталған ұйым арқылы 480-нен астам жоба қаржыландырылып, 550-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. Облыс әкімінің айтуынша, барлық ұйымдастыру мәселелері шешілген. Жалпы, жол картасы арқылы 500-ден астам жобаны жүзеге асырып, қосымша 2,8 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

  • 25.05.2021
  • 264
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика