- Блогтар
- Оженов Б.Ф.
Оженов Б.Ф.
ШҚО«Катон қарағай ауданының мемлекеттік архиві» КММ директоры
Саяси қуғын сүргін күніне
Еліміз егемендік алғаннан кейін нәубет құрбандарына тағзым ету және оларды ақтау мақсатында тиісті шаралар мемлекеттік деңгейде атқарыла бастады. Мәселен, тәуелсіздік алған тұста «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» арнайы заң қабылданды. 1997 жылы Елбасы Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.
Қазақ жерінде тұтқындалған 100 мыңнан астам адамның әр төртіншісі ату жазасына кесілді. Оның ішінде ұлт зиялылары да солақай саясаттың құрбанына айналды. Жазықсыз атылғандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Темірбек Жүргенов сияқты ұлт зиялылары мен басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.
Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек. Бүгінде тәуелсіз ел ұрпақтары АЛЖИР, КарЛаг, Степлаг тұтқындары мен қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды мәңгі есімізде сақтап, құрметтейміз.
- 26.05.2021
- 439