- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Құрметті жетісулықтар!
Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!
Біздің еліміздің басты жетістіктерінің бірі халықаралық аренада мойындалып, республикамыздың жемісті дамуына негіз болған жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің теңдессіз моделі екенін мақтанышпен айтамыз.
Этносаралық татулық, достық, толеранттылық - ең құнды байлығымыз, мемлекеттік саясаттың басты бағыты.
Бұл мереке еліміздің барлық азаматтарының орасан зор әлеуеті – достығы мен өзара түсіністігінің жарқын мерекесі.
Бүгінгі күні біздің облысты 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді. Олар қоғамдық өмірге белсене араласып, Жетісудың дамуы мен өркендеуіне күнделікті атсалысып, береке-бірлікте ғұмыр кешуде.
Әлемде орын алған індетті бірлесіп жеңіп, еліміздің еңсесі көтеріліп, абыройы асқақтасын. Баршаңыздың отбасыларыңызға зор денсаулық, шуақты күндер, толайым табыс тілеймін! Достығымыз мызғымай, бейбітшілігіміз жасай берсін!
- 30.04.2020
- 390