- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Бітімгерлік – бейбіт елдің басты миссиясы
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық бітімгерлер күні 2002 жылдан бастап 29 мамырда аталып келеді. Елімізде бұл мереке алғаш рет 2019 жылдан бастау алды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық қағидаларына өзінің бейілділігін көрсетуде. Бітімгершілік үрдіске қатысу – бұл мемлекеттің ондаған жылдарға арналған сыртқы саяси стратегиясының мәні.
Қазақстанда бітімгерлік қызметтің тарихы 2000 жылы басталды. Ел Президентінің Жарлығымен қазақстандық бітімгерлік батальоны құрылды.
Бүгінде Ливанда бесінші ротацияның бітімгерлік контингенті қызмет атқаруда. Бұдан өзге, Батыс Сахарада бес әскери қызметші бақылаушы қызметінде.
Қазақстанның бітімгерлік қызметі халықаралық қоғамдастыққа қарулы қақтығыстардың алдын алуға және оларды тоқтатуға жәрдемдесуге арналған.
- 29.05.2021
- 240