• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Тұмар-2021» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды

Нұр-Сұлтанда «Тұмар-2021» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл Бәйге бесінші мерейтойын атап өтуде.

Салтантатты рәсімде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: «Биылғы бәйге Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде. Өздеріңіз куә, осы 30 жыл ішінде ел дамуымен бірге – Ұлттық БАҚ, соның ішінде телевизия саласы үлкен өзгерістерден өтті. Қарқынды дамып, нәтижелі биіктерді бағындырды.Бұл әрине ең алдымен Тұңғыш Президент, Елбасымыздың ақпарат саласында қалыптастырған оң саясатының нәтижесі. Ел басшылығының ұдайы қолдауының арқасы. Өткен 2020 жыл еліміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Әлемдік пандемия басталғанда – тілшілер қауымы, соның ішінде тележурналистер қауіп-қатерге қарамай алғы шептен көрінді. Күн-түн демей жұмыс істеп, халыққа шынайы ақпарат жеткізді».

Қатысушылар тізіміне қазақстандық телеарналарда 2020 жылы жарық көрген телевизялық жобалар енді. Сыйлыққа қатысу үшін редакциялық коллективтер мен тележурналистерден барлығы 250 өтінім келіп түсті. Шорт-параққа 10 номинация бойынша 40 жұмыс енді. Лауреаттар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы ұсынылған материалдарды кәсіби бағалау нәтижелері бойынша анықталды.

Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.

Іс-шара санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, жабық форматта өтті.

«Тұмар-2021» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:

Үздік тележурналист
Руслан Идрисов – «Atameken Business» телеарнасы
Үздік тележүргізуші
Камила Жусупова – «КТК» телеарнасы
Үздік режиссерлік жұмыс
«JOL» –«НТК» телеарнасы
Үздік әлеуметтік жоба
«Теледәрігер» – «Qazaqstan» ұлттық арнасы
Үздік ток-шоу
«Aitarym bar» – «Astana TV» телеарнасы
Үздік деректі фильм
«Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр» – «Сарыарқа» телеарнасы
Үздік ойын-сауық бағдарламасы
«Жүзден жүйрік» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
Үздік телевизиялық сериал
«Абай жолы» – «Хабар» телеарнасы
Үздік ақпаратты бағдарлама
«Аналитика» – «Еуразия» Бірінші арнасы
Үздік аймақтық телеарна
«Ирбис TV» – Павлодар қ.

Пандемия кезінде үздік ақпараттық қолдау жасалғаны үшін арнайы сыйлық «Хабар 24» телеарнасына табысталды.

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.

  • 31.05.2021
  • 318
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика