• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы басталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру, ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Ұйымдастыру комитетінің құрамына Парламент Сенатының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, өңір әкімдерінің орынбасарлары, министрлік, БАҚ-ның өкілдері, ҮЕҰ-дар, белгілі қоғам қайраткерлері кірді.

Өз сөзінде министр А.Балаева адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған ұлттық конкурстың ерекшелігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Жылдағы дәстүрмен биыл да «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын бастағалы отырмыз. Елбасының ұсынысымен қолға алған жоба – бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды. Жыл сайын бұл жобаға халықтың үлкен қызығушылықпен қатысып жүргенін көріп отырмыз. Жоба басталғаннан бері бүгінге дейін еліміздің 15 мыңнан астам жанұясы осы байқауға қатысты. Мұның өзі – біздің қоғамға отбасы құндылығын дәріптейтін, үлгі көрсететін ерекше жобаға айналғанын көрсетеді деп білемін», - деді А.Балаева.

Сондай-ақ, шара барысында байқауды өткізудің жаңа өзгерістері туралы айтылды. «Бұрын республикалық деңгейде бір ғана отбасы жеңімпаз болатын. Ағымдағы жылдан бастап өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған 17 отбасының барлығына да Конкурс лауреаты атағы беріліп, бірдей марапатталатын болады», - деп атап өтті А.Балаева.

Сонымен бірге, биылдан бастап конкурсқа қатысуға өтініш беру, конкурс нәтижесі бойынша марапаттау, конкурс қорытындыларын анықтайтын комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері ғана емес, сонымен бірге конкурстың бұрынғы жеңімпаздарының да кіруі; жеңімпаздарды анықтау мен бағалаудағы жаңа баллдық жүйе бойынша шарттық өзгерістер енгізілген.

Еске сала кетейік: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына Құжаттар қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады. Байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайынғыдай қыркүйек айында, Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде өткізіледі.

  • 31.05.2021
  • 267
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика