• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
А. Балаева Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен қайырымдылық және волонтерлік, гранттар туралы заң жобасының мәселелерін талқылады.

Кездесуге Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрайымы А. Айдарқұлова және Сорос-Қазақстан қоры бағдарламаларының директоры Б. Аязбаева, сондай-ақ Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Е. Жовтис, коммерциялық емес құқық сұрақтары бойынша сарапшы Г. Кужекеева, Caspian University қоғамдық құқық ҒЗИ директоры Р.Подопригора қатысты.

Министр қайырымдылық, волонтерлік салаларындағы мемлекеттік шаралар туралы, сондай-ақ ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жөнінде айтып берді.
А.Балаева қайырымдылық пен волонтерлікті дамыту мен қолдау – азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының волонтер жылын аяқтау аясында берген тапсырмаларын, құқық қолдану тәжірибесін талдау, халықаралық тәжірибе, сондай-ақ, ҮЕҰ, волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарының, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, «Кейбір заңнамалық актілерге волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі», — деді А.Балаева.
Ол кездесудің қатысушыларына заң жобасы 2021 жылға арналған тиісті жұмыс жоспарына енгізілгенін, аталған жоспарға сәйкес Үкіметке шілде айында, ал Мәжіліске ағымдағы жылдың қыркүйегінде енгізу жоспарланғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми-құқықтық сараптама ұсынымдары алынды.

Кездесудің қатысушылары мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзектілігін растады, сондай-ақ ұсынылып отырған заң жобасына қатысты нормалар бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Бүгінгі пікір алмасуда алынған ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, заң жобасын пысықтау, жұмыс тобының отырысына енгізу және мемлекеттік органдармен келісу жоспарланды.

  • 31.05.2021
  • 249
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика