• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрылыс саласында олқылықтарға жол бергендер қатаң сыналды

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің жетекшілігімен өткен әкімдік отырысында Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зайнолла Маненов өңірдегі құрылыс жұмыстарының жай-күйін баяндады»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

⠀

З.Маненовтің айтуынша, өткен жылы бюджет қаражаты есебінен 27 нысан, демеушілік арқылы 13 нысан пайдалануға берілген.

⠀

«Оның ішінде білім саласы бойынша 1130 орындық 4 балабақша, 300 орындық 1 мектеп, кітапхана, жастар сарайы, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясына 250 орынды жапсаржай құрылысы, 860 орындық 7 жатақхана бар. Сондай-ақ, денсаулық сақтау бағыты бойынша – 11, мәдениет саласында 3 нысан, мәдени абаттандыру жұмыстары мен әкімшілік ғимараттарын айтуға болады. Оған қоса, Индер ауданы Алғабас-Жорық каналын реконструкциялау және Құрсай өзенің абаттандыру, Мақат ауданның Мақат поселкісіндегі өнімділігі тәулігіне 3000 м/куб кәрізді тазарткыш ғимараты пайдалануға берілді»,- деді Зайнолла Маненов.

⠀

Сонымен қатар басқарма басшысының міндетін атқарушы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына тоқталды.

«Бюджет қаражаты есебінен облыста жалпы ауданы 280,5 мың шаршы метр 3164 пәтерлі 51 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде жыл соңына дейін жалпы ауданы 174,3 мың шаршы метр 1944 пәтерлі 25 көпқабатты үйді беру жоспарлануда»,- деді ол.

⠀

Сондай-ақ, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы 9 балабақша, 9 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде екенін жеткізді. Оған қоса денсаулық сақтау саласында 7, мәдениет бойынша 3 нысанның құрылысы салынуда. Бұдан басқа, 24 нысанның құрылысы бойынша жобалар аяқталса, 13 спорт нысанының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде екенін атап өтті.

⠀

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов қала мен кейбір аудан әкімдерінің бұл бағыттағы өз аумақтарындағы жасалып жатқан жұмыстарын сұрады.

«Құрылыс саласы – экономиканың негізгі драйверлерінің бірі.

Облыста құрылыс саласы қарқынды дамуда. Мемлекеттік бағдарламалар және азаматтардың жеке капиталына салынған құрылыс көлемі жылдан жылға артуда. Бұл әрине қуантарлық жәйт. Дегенмен, аталған салада күрмеуін шешуді қажет ететін түйінді мәселелер де жеткілікті»,- деген М.Досмұхамбетов, кейбір нысандардың сапасының төмендігін, әрі белгіленген уақытында тапсырылмайтынын сынға алды. Оған қоса өңір басшысы саладағы олқылықтарға жол берген жауапты тұлғаларға қатаң ескерту жасады.

⠀

Облыс әкімі жиын соңында құрылыс бағытындағы түйінді мәселелерді дер кезінде шешіп, кемшіліктерді дереу жою керектігін айта отырып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

⠀

«Уақытылы тапсырылмаған нысандарды мерзімінде орындалысын қадағалау керек. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатақханаларды кезең-кезеңімен жою бойынша қажетті шаралар қабылдаңыздар. Құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапасына үнемі бақылау жасап, бұзушылықтардың алдын алу қажет»,-деді М.Досмұхамбетов.

  • 01.06.2021
  • 240
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика