• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова Үкімет отырысында Түркістан облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жайлы баяндама жасады

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары; Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайлы айтылды.

Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасында Мәдениет және спорт министрлігінің құзыреті шегінде 27 іс-шара көзделгенін айтты.

«Бүгінде Министрліктің мәліметке сәйкес, Түркістан облысында 4 529 спорт нысаны бар. Облыс халқының 32,1% адам дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

Кешенді жоспар шеңберінде спорт саласында 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен 3 ірі спорт нысанын салу қарастырылған.

Жеке инвестиция тарту арқылы екі жоба және жергілікті бюджет есебінен 8 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалардың басым бөлігі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. 2025 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды үлесі 45%-ға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Қазіргі таңда Түркістан облысында туристер саны 1,2 млн. адамды құрайды. Жалпы спорт инфрақұрылымын дамыту ең алдымен халықтың денсаулығын жақсартуға жағдай жасайды»,-деді.

Осыдан кейін Мəдениет жəне спорт министрі туризм саласындағы жоспарға тоқталды.

«Өңірге келетін туристер ағынын ұлғайту мақсатында Түркістан және Төле би ауданындағы «Қасқасу» туристік-рекреация орталығының инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда. Өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында туристтік бағыттарды одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасады. «Ұлы Жібек жолы» бойында жаңа туристік өнімдер қалыптасатын болады. Кешенді жоспар шеңберінде 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 9-ы жеке инвестиция есебінен.

Өңірде туризм индустриясын дамыту бойынша ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын арттыру, туристік қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын ұсыну, Түркістан қаласы мен Түркістан облысының көліктік қолжетімділігін арттыру сияқты және т.б. кешенді шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы туристер санын 2,5 млн адамға дейін, орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын 291 мың адамға дейін және туризм саласында жұмыс істейтіндер санын 30 мың адамға дейін артады деп жоспарлануда»,-деп айтты. 

Сонымен қатар министр мəдениет саласында атқарылатын жұмыс барымымен таныстырды.

«Статистика деректеріне сәйкес, өңірде 703 мәдениет мекемесі бар. Мәдениет саласындағы басым міндеттің бірі -  мемлекеттік бағдарламалар, жеке инвестиция шеңберінде инфрақұрылымды одан әрі дамыту. Нәтижесінде 13 мәдениет нысаны пайдалануға беріледі. «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында ескерткіштерді ғылыми қалпына келтіруге және археологиялық зерттеулерге бағытталған ауқымды жұмыс жоспарланған.

Облысты дамытудың Кешенді жоспары аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша 3 ауқымды жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағын абаттандыру, «Қожа Ахмет Ясауи» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенесін, Түркістан қаласындағы цитадельдің қамал қабырғасын қалпына келтіру жұмысы көзделіп отыр.

2025 жылы 59 нысанды қалпына келтіру жұмысы аяқталып, 24 археологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде бас тарихи мәдени нысан – «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесіне келушілер саны 2,3 млн адамға дейін артады деп күтілуде.

Аталған шаралар өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға, дамытуға, оны елімізде және шетелде танымал етуге, туристердің келуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл өз кезегінде еліміздің туристік тартымдылығын арттырады», -Ақтоты Райымқұлова.

  • 01.06.2021
  • 321
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика