- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Қазақстан армиясында жазғы оқу кезеңі басталды
Қарулы Күштерде 1-3 маусымда барлық санаттағы әскери қызметшілермен тактикалық-саптық сабақтар өтеді.
Бөлімшелер мен бөлімдер жоғары жауынгерлік даярлыққа келтіріледі. Бұл шаралардың мақсаты – әскерлерді басқару жүйесін жетілдіру.
Қарулы Күштердің жазғы оқу кезеңіне даярлық үрдісі мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ алдыңғы оқу кезеңінде жеткен жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жоспарланды.
Қарулы Күштердің барлық түрі үшін негізгі міндеттері – жауынгерлік даярлық шараларын сапалы ұйымдастыру, бөлімшелердің жауынгерлік оқу қарқынын арттыру, оның ішінде түнгі және күрделі ауа райы жағдайында өткізу, әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы ақаусыз пайдалану.
Оқу кезеңінің аяқталуы бойынша қазан айында қорытынды тексеру өткізілетін болады.
- 02.06.2021
- 258